«Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыздар жиналысы
Әрбір елдің өміріндегі шешуші кілт - қыздарға берілетін тәлім мен тәрбие арқылы өлшенеді. «Қыз» деген сөздің өзі әдеміліктің, әдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданылады. 14-қазан күні 8-11 сыныптарының қыз балаларымен «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» атты қыздар жиналысы өтті. Жиналысқа қалалық аналар мектебінің төрайымы, ардагер ұстаз Ш.Р.Сыздыкова, Балқаш қ. ПБ ЮПТ УПИ полиция капитаны С.Т.Кабенделова, мектебіміздің медбибісі М.Қ.Сатбекова және 8-11 сыныптың қыз балалары мен сынып жетекшілері қатысты. Жиналыс барысында қыз бала қандай болу керек, қыз баланың жеке бас гигиенасы және қашықтықтан оқу кезінде көшеде жүру ережелері мен тәртібі, қосымша табыс табу мақсатында асханалармен т.б. жерлерде жұмыс жасаулары туралы айтылды. Қыздарымыз медбибі мен инспекторға сұрақтарын қойып, ойларын айтты. Керекті де маңызды мәліметтермен бқліскендері үшін оқушылар қатысқан қонақтарымызға алғыс білдірді.