«Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»
«Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері»
28.08.2020 ж.
«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданғаны белгілі. Осы құжаттар аясында биылғы жылы кешенді шаралар мен өзгерістер іске асты.
Сонымен қатар, жаға оқу жылы пандемия жағдайында, қашықтықтан оқыту жағдйәында басталмақ. Бұл баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Бастауыш сыныптардың кезекші топтарында барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жұмыс жүргізіп, білім беріледі. Ал қашықтықтан оқыту форматында 5-11 сынып оқушылары білім алады, бұл жерде мұғалімнің цифрлық сауаттылығы жоғары болуы бірінші кезектегі мәселе.
Жаңа оқу жылындағы өзгерістер ішінде Мемлекет басшысының мектептерде экологиялық білімді енгізу бойынша тапсырмасынан кейін мектептердегі экобілім мен тәрбие қолға алынуы тиіс. Өскелең ұрпаққа тәрбие беру мәселесі басты назарда болуы керек, педагогтерге үлкен сенім артылады.
Әлеуметтік бейімделу, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас, балаларды ерте жастан бастап дамыту, пандемия жағдайынан алынған сабақтар, білім беруді цифрландыру, қазақстандық білім мен ғылымның бүгіні мен болашағы туралы өзекті тақырыптарды көтерілуі тиіс. Жаңа оқу жылында болатын ең басты өзгерістер, реформалар, жоспарлар талқыланған, ендігі меже – оларды іске асыру. Өткен оқу жылының тәжірибесін қолдана отырып, жаңа талаптарды орындай отырып, біз жаңа форматта жұмыс жүргізетін боламыз. Бұл үлкен жауапкершілік жүктейді, сонымен бірге, жаңаша жұмыс жүргізуге, жаңа технологияларды тез арада меңгеруге мүмкіндіктер ашады. Мұғалімдердің барлығы жаңа заман талабына сай тез бейімделіп, жаңашылдықты шапшаң қабылдауға дайын болуы тиіс.
Ал қашықтан оқыту балалар мен ұстаздардың денсаулығын сақтау үшін жасалып жатқан шара, дегенмен ата-аналармен бірге тығыз жұмыс жасалуы және оларға қолдау жасалуы қажет.
Қашықтан оқыту жағдайында өте ауқымды, қиын жұмыс атқарып жатқан педагогтерге ризашылық білдіремін. Осы жаңа жағдай тек қана қиындық ретінде қабылданбай, осы өзгерістерді жаңа мүмкіндік беретін жаңалық, үлкен жақсылықтарға алып келетін тәжірибе ретінде қабылдануы тиіс.