«Біргеміз»

Дата: 2020-02-06 09:32:25
«Біргеміз»

Еріктілер жылына орай, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында «Біргеміз» атты акциясы басталды. Өз еркімен, яғни, саналы түрде айналасындағыларға үздіксіз көмектесіп жүретін жандар еріктілер. Тек, жүрегімізде өзгеге көмектесуге ниет болса болғаны - деген ұранмен мектебіміздің жастары яғни жас мамандарымыз еріктілер жылының бастамасын бүгін бастапта кетті. Мектебіміздің жастарының ұйымдастыруымен біз бірінші жұмысшы көшесінде тұратын қарияларымыздың шаңырақтарына жеке-жеке бас сұғып, кіріп шықтық. Жалғыз басты қарияның үйіне және көпбалалы отбасы үйіне көмек көрсету жұмысы жүргізілді. Ерікті топтың жастары барған үйлерінің аулалаларын, үй ішіндегі тазарту жұмыстарын жасап ғана қоймай өздерінің сыйлықтары мен көңіл көтеру өнерлерін де көрсете білді. Еріктілер – жаны таза адамдар. Олар – елдің шынайы патриоты, сол үшін де құрметіміз шексіз.

Автор: №7 МГ