Интеллектуалдық сайыс
Дата: 2020-02-05 07:40:01
Мектебімізде 8А,8Б.8В сыныптар арасында «ФИЗБОЙ» атты интеллектуалды сайыс жүргізілді. Жүргізілген сайыстың негізгі мақсаты оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына, тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Физика пәніне қызығушылықтарын арттыру.
Сайыс 4 турдан тұрды. Бірінші турында әр топ топтың атын, эмблемасын таныстырып кетті. Екінші «Ребус» турында әр топқа яғни, «Энергия», «Atoms» , «Жас физиктер» тобына орыс тілнде ребус берілді. Барлық топ дұрыс жауап берді. Келесі тур «21 ғасыр көшбасшысы» Берілген ұяшықтарда физика бөлімдеріне арналған сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде берілген.
Оқушылармен сергіту сәті ретінде ұялы телефон көмегімен Quizlet ойыны ойнатылды. Нәтижесінде қазылар алқасы шешімі бойынша I орын 8 А «Atoms»тобына, I I орын 8 В «Жас физиктер» тобына, III орын 8Б «Энергия» тобына берілді. Оқушылар сыйлықтармен және мадақтама қағазымен марапатталды