«Ғаламтор және кітап» ой-талқы
«Мен OFFLINE» атты кең масштабты Халықаралық балалар акциясы аясында кітапханада қаңтардың 24-і күні 6Б сынып оқушыларымен «Ғаламтор және кітап» атты тақырыпта ой-талқы өтті.
Мақсаты: оқушылардың денсаулығына зиян келтіретін ақпараттардан, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға ат салысу. Сонымен бірге интернет желісінде отырғаннан кітап оқуға шақыру. Оқушылардың бос уақытын интернетсіз тиімді өткізуге баулу.
Қазіргі таңда ғаламторға тәуелділіктің салдарынан адамдардың денсаулығы ғана емес, ойлау, сөйлеу, тіпті жазу мәдениеті де төмендеп барады. Шара барысында кітапханашы оқушыларға ғаламтордың пайдасымен қатар зиянды жақтарын жеткізе отырып, кітаптың пайдасы туралы айтып өтті. Бос уақыттарында кітап оқуға шақырды.
Сонымен қатар оқушылар ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы бейнебаян көре отырып, 1-топ ғаламтордың пайдасы мен зиянын ортаға салса, 2-топ кітаптың пайдасымен бөлісті.