«Жаны жомарт, ісі мәрт» атты әдеби портрет
Биылғы “Бір ел - бір кітап” акциясына таңдалып алынған Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сөз өнерінің сардары, қазақ әдебиетінің саңлағы мағыналы ғұмырының мазмұнды шақтарын, өнегелі өмірбаянының өміршең шектерін табиғи талантымен өрнектеген айтулы дарын иесі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Елбасының бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына орай 8 сынып оқушыларымен №3 кітапхана-филиалында желтоқсанның 6-сы күні «Жаны жомарт, ісі мәрт» атты әдеби портрет өтті.
Іс шара барысында Әбіш Кекілбаевтың өмірінен, қызмет жолдары жайлы бейнебаян көрсетілді. «Аңыздың ақыры» романы, «Тасбақаның шөбі» әңгімесі бойынша оқушылар талдау жүргізе отырып, қазақы ырымдарды зерттей келе әңгіменің тәрбиелік маңызы туралы мәлімет алды.
Сонымен қатар оқушылар Әбіш Кекілбаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқыды. Шара соңында кітапханашы «Жаны жомарт, ісі мәрт» атты кітап көрмесіне шолу жасап, қаламгердің баға жетпес мол мұраларын оқуға шақырды.