Жалпыға білім беру қорынан жұмсалған қаражат туралы мәлімет

Дата: 2019-12-24 16:19:45

Мектеп бойынша “Жалпыға білім беру қоры” жұмыс жасайды. 2019 жылы қалалық бюджеттен барлығы 10 278 400 (он миллион екі жүз жетпіс сезіз мыңтөрт жүз) теңге бөлінді. 94 000 (тоқсан төрт мың) теңгесі әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасының 11оқушы баласына 8 545 (сегіз мың бес жүз қырық бес мың) теңгеден  ақшалай көмек берілді. Сонымен қатар осы категориядағы отбасы оқушыларына және алғаш мектепке келетін 1 сынып оқушыларына 1 237 000 (бір миллион екі жүз отыз жеті мың) теңге тамыз, қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы бойынша 70 балаға «Совенок» балалар дүкенінің сертификаттар беріліп, оқуға қажетті оқу-құралдармен қамтамасыз етілді. Жаз демалыс кезінде мектеп жанынан ашылған лагеріне және қала сыртындағы «Жасқанат» лагеріне 361 000 (үш жүз алпыс бір мың) теңге бөлініп, 23 оқушыға жолдама берілді.  Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 100 балаға сыйлықтар таратылды. Осы категориядағы 118 оқушы жыл бойы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отырды.

Мектепте қазіргі таңда 1-11сыныптар аралығында 1512 оқушы:

қамқорлыққа алынған, ата-анасыз қалған 5 оқушы

әлеуметтік жағдайы төмен 118 оқушы

көп балалы 146 оқушы

мектепішілік тіркеуде 5 оқушы 

мүгедек 2 оқушы

Автор: №7 МГ