ECOSTART" қоғамдық экологиялық акция

Дата: 2019-12-19 16:19:48
ECOSTART

2019 жылдың 28 қарашасы күні С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясының 9-11сынып дарынды оқушылар арасында "Қазахмыс" корпорациясының ұйымдастыруымен "ECOSTART" қоғамдық экологиялық акция аясында жарыс өтті. Жарысқа мектебіміздің дарынды белсенді оқушылардың ғылыми қоғамы «Ғибрат» мүшесінің оқушылары қатысты. Жарыс екі бөлім бойынша өткізілді. Бірінші бөлімінде 4 команда арасында зияткерлік олимпиада өтті. Оқушылар өздерінің білімдерін ұшқыр ойларымен ұштастырып, жоғары интеллектісін көрсете білді. Ал акцияның екінші бөлімінде салауатты өмір салтын сақтау мақсатында спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Сайыс нәтижесінде жеңімпаздарды қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Е.М.Быстрякова құттықтай отырып, құнды сыйлықтар мен қоса арнайы кубоктарды табыс етті.

Автор: №7 МГ