1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні!

Дата: 2019-12-04 08:33:53
  1 желтоқсан  - Тұңғыш Президент күні!

Қараша  айының 29-ы күні кітапханада  1желтоқсан  - Тұңғыш Президент күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Әлем таныған тұлға» атты тақырыпта  8«В» сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті. 

         Мақсаты: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі – өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.

         Шара барысында елбасы жайлы бейнебаян көрсетіліп, «Н.Ә.Назарбаевтың өміржолы» «Тұңғыш елбасының қанатты сөздері», «Білім қазынасы» атты кезеңдер бойынша сұрақтарға жауаптар алынды. Сонымен қатар тұңғыш елбасының өмірі мен шығармашылығы, ел басқарудағы көрегендік  қабілеті  жайлы сыр шертіліп, оқушылар өздерінің ойларын ортаға салды.

         Шара соңында оқушылар кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге Елбасы Н.Назарбаевтың кітаптары, тұңғыш елбасы жайлы жазылған журналдар қойылып, оқушыларға ұсынылды.  

Автор: №7 МГ