Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Дата: 2019-10-21 15:22:43
Қазақ әдебиетінің ақсұңқары

Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің ақсұңқары» атты тақырыпта қазан айының 14-і күні3 Б сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу,  ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.

Іс-шара барысында оқушылар Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы сұрақтарға жауап беріп, ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Сонымен қатар бейнебаян көрсетілді.

Шара соңында оқушылар кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге ақынныңкітаптары, ғалымдардың зерттеулері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.

Автор: №7 МГ