Үкіметтің жаңа құрамы кеше, 26 ақпанда өз қызметіне кірісті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жібере отырып, партияның съезінде халықтың әл-ауқатын жақсартуға, оларға әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға бағытталған шараларды ұсынатынын айтқан болатын. Елбасы ол үшін республикалық бюджет пен Ұлттық қордан қомақты қаржы бөлінетінін де жеткізген еді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының Астанадағы сьезіне келіп жетті. Делегаттар Мемлекет басшысын қошеметпен қарсы алды. Президент өз орнына жайғасқан соң, партия алдын ала дайындаған бейнежазбаны көрсетті.
Бүкіл ел бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлімшелері қазақстандықтардың кез келген проблемасын шешетін ұйымға айналды. "Нұр Отан" – нақты істер партиясы. Болашақта партия қандай бастамаларға көңіл аударады. 18-ші сьезде соған жауап береміз" делінген бейнежазбада.
Алғашқы сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа беру үшін "Нүр Отан" партиясын төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сөз бастады.
Мәулен Әшімбаев:
"Аса мәртебелі, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев! Құрметті қонақтар! Бүгін бәріміз съезге жиналып отырмыз. Съезге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып отыр. Бүгін біз съезд барысында 20 жылдағы партияның дамуын қорытындылап, мақсаттарымызды айқындайтын боламыз. Бүгінгі отырысқа 179 делегат қатысып,21 делегат қатысқан жоқ. Партияның ресми съезін ашық деп жариялаймыз".
Съезге қатысушыларға дауыс берілді. Барлығы қолдады.
Мәулен Әшімбаев партия сьезінің хаттамасымен таныстырып, жұмыс бастауға қажетті дауыстың берілгенін айтты. Жуырда сайланған әріптестерді құттықтады. 18-ші сьезде төрт мәселе қаралады.
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Құрметті сьезд делегаттары, сьезд қонақтары. қадірлі нұр отандықтар, партияластар! Баршаңызды партияның 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын".
Нұрсұлтан Назарбаев 20 жыл бойы иық тіресе жұмыс жасап, бірге келе жатқан партия мүшелеріне рақмет айтты.
"Біз үшін тұтас дәуір. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мықты мемлекет құру үшін маңызды реформалар жасау керек болды. Әйтпесе өркениет жолына бастайтын әлемдік даму көшінен қалып қояр едік. Сондықтан, "Нұр Отан" мықты саяси күшке айналып, нақты жұмысын көрсетті. Партияластарыма алғыс айтамын.
"Ең алдымен қол жеткізген жетістіктерімізге тоқталайық. Тәуелсіз мемлекет құрдық. Экспорттық сауда көлемі 9 есеге өсті. Халықтың әл ауқатын көтермесе кез келген экономикалық жетістіктің керегі жоқ".
Елбасы бүгінгі съезд Қазақстанның дамуына жаңа старт беретінін айтты.
Съезде қаралатын төрт сұрақ
Партия делегаттары Мемлекет басшысының 20 жылға беріліп жатқан бағасын мұқият тыңдап отыр. Жалпы, бүгінгі сьездің күн тәртібінде мына төрт мәселе қаралады:
- Партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдау;
- Партияның құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
- Саяси құрамның жұмысына баға беріп, орталық комиссияның жұмысымен танысу. Саяси кеңес пен орталық бақылау комиссиясының жаңа құрамын бекіту;
- Сьезд жұмысы сағат 14.00-де аяқталады.
"Биыл әлеуміттік салаға республикалық бюджеттің шығынынан 45 пайызы жұмсалады деп күтіліп отырмыз. Бірақ әлеуметтік блокта бірқатар мәселелер бар. Сондықтан мен халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін Ұлттық қордан ақша бөлу туралы шешім қабылдадым".
Делегаттар Елбасының бұл тапсырмасына ду қол шапалақтады
"Сонымен қатар, бұл ақшаны әкімдер мен үкімет дұрыс жұмсауы керек. Соны қатаң бақылауда ұстаймын".
"Атаулы көмек ең мұқтаждарға берілуі керек. Мен өзім бұны жеке бақылауда ұстаймын және партиялықтардан қаражаттың расымен тек мұқтаждарға берілгенін бақылауда ұстауларын сұраймын".
Мемлекет басшысы әзірге әлеуметтік блокты жақсарту үшін Ұлттық қордан қанша ақшаны бөлетінін айтқан жоқ.
Жалақы мен жәрдемақыны өсіреді
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Біз мұғалімдердің жалақысын өсірдік, өздерінің кәсібилігін дәлелдегендерге 50 пайыз, жалпы 30 пайыз өсірдік. 1 шілдеден бастап бюджет саласындағы ең аз жалақыны 30 пайызға өсіруді тапсырамын".
"Миллионерлерге мемлекеттен тағы көмек берудің қажеті не? Кірісі аз отбасылар арасынан 111 мың ғана отбасы атаулы көмек алады екен. Көп балалардың жәрдемақысын әрбір балаға 21 мың теңгеге жеткізуды тапсырамын".
"Аймақтардағы атқарушы орган қызметкерлерінің айлығын 25 пайызға өсіру үшін 980 млрд теңге бөлінеді".
"Мүгедек бала асырап отырған ата-аналар мен отбасыларға, асыраушыларға берілетін жәрдемақыны 30 пайызға арттыруды тапсырамын".
Бүгінде елімізде төртеуден көп баласы бар 340 мың отбасы бар. Оларды қолдау үшін 500 миллиард бөлінген.
"Мұндай қолдауды алда да жалғастыру керек. Толық емес, көп балалы отбасыларды қолдау керек. Жұмыспен қамту керек. Қашықтан жасайтын жұмыспен болса да".
Назарбаев әкімдерге бюджеттегі қаржыны оңды жұмсауға тапсырма берді
Назарбаев: Халықты жұмыспен қамту мәселесіне мен айналып келемін. Әрбір отбасыға барып жұмыс ұсынуға не болмаса үйінен жұмыс істеу туралы ұсыныс айтуға болады. Әкімдерге айтарым, күте тұруға болатын нысандарға емес, ақшаны нақты керек жерге жұмсаңдар деймін.
Осындай отбасыларға жеке жәрдемақы берілгенде көп балалы аналардың жәрдемақысын, мүгедектік үшін жәрдемақыны және басқа да берілетін әлеуметтік көмектерді есептемеу керек. Әйтпесе бәрін есептей келгенде, олар ауқатты отбасы болып саналып кетеді".
Денсаулық сақтау саласын дұрыстау үшін қосымша 120 млрд теңге бөлуді тапсырамын".
"17 аймақта 17 үздік оқу орыны болуы керек. Әрбір тұрғынның денсаулығы мықты және білімді болуы керек".
Әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға 40 мың пәтер салынады
Н. Назарбаев: "Баспанамен қамту мәселесі де маңызды. Үкіметке"Нұрлы жер" арқылы 40 мыңға жуық пәтер салуды тапсырамын. Ол аренда жүйесіндегі пәтерлер болады және әлеуметтік аз қамтылғандарға арналады. Бұл үшін 7 жыл қатарынан 50 млрд теңге бөлінеді. Көп балалы мен толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар адамдар үшін тұрғын үй несиесін ТҚЖБ арқылы 3-5 пайызбен беруді тапсырамын. Ол үшін ТҚЖБға қосымша қаржы керек".
Президент Тараздағы оқиғаға байланысты көңіл айтты. Назарбаев: "Бүгін таңертең газ жарылды деген ақпарат жетті. Қаза тапқандар, зардап шеккендер бар. мен қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Менің тапсырмам бойынша Үкіметтік комиссия ұшып кетті".
Біздің еліміз үлкен. Әрбір жерден осындай хабар келеді. Тұрмыстық газ жарылады, бірақ әр адамнан қауіпсіздікті сақтауды сұраймын".
"Әкімдер халыққа жақын болуы керек"
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қазір әкім жылына бір рет есеп беретін болды. Бұл не деген сөз? Әкім халықпен бір күн емес, күнде кездесуі керек. Халықпен кездесу үшін бір жыл күтудің қажеті қанша?!"
Назарбаев әкімдерді көрсеткіш қуалап, популизммен айналыспауға шақырды. Елбасының пайымдауынша, маңыздысы – есеп емес, аймақтағы халықтың жағдайы. Президент әкімдердің халықпен кездесу форматын ауыстыру керектігін және болашақта кездесулерді қалай өткізу керектігін ойластыруды сұрады.
"Негізі бір аймақта жол жақсы, бір жерде олай емес. Кейбір әкімдер жақсы жұмыс істейді, кейбірі жұмыс істеймейтін болып отыр ғой, Әкім халыққа жақын болуы керек".
Өңірдегі инфрақұрылымды жақсартуға 120 миллиард теңге бөлінеді
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қосымша 140 млрд теңгені газдандыруға бөлуді тапсырамын. Осылайша 1,1 млн адамды газбен қамтимыз. Осы мақсаттар үшін 920 млрд теңге қарастыруды тапсырамын".
Назарбаев аймақ басшыларына болашағы бар ауылдарды іріктеп алуды тапсырды. Бұл ретте, ол Есімовтың Ауыл шаруашылығы министр болып тұрған кездегі жұмысын атап, болашағы бар ауылдарды, дамуды қажет ететін және оншақты үй қалған ауылдарды анықтағанын, ондай жерлерге аурухана салғанша, болашағы бар жерлерге интернат салуды ұсынғанын айтты.
"Аймақтағы көлік инфрақұрылымындағы нысандарды, әуежайларды, вокзалдарды жақсарту керек. Мен Мехикодағы қала шетін әлі ұмыта алмаймын. Адамдар ол жақтан жұмыс іздесе, түратын жер таппайды. Сондықтан, бізде де 2019-2020 жылдары қалалардың шетін жақсартуға 19 млрд бөлуді тапсырамын".
Президент Алматы қаласының шетіндегі жағдайды еске алып, небәрі 15 шаршы метрде тұратындарды полиция тексеріп, тіркеуге алғандарын айтты. Басқа қалалардың осыдан үлгі алғанын қалайды.
Ауылдарға үкіметтің назары түседі
Нұрсұлтан Назарбаев:"Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек. Қытайдың индустрияландыруды қалай бастағаны есіме түсіп отыр. Олар ауыл шаруашылығын дамытты, электроника шығара бастады. Біз электроника ойлап шығармай-ақ қояйық, бірақ ауылда жұмыс орындарын ашуға болады ғой".
Назарбаев "Атамекен" мен әкімдіктерге осы мәселені назарда ұстап, шағын және орта кәсіпті дамытуды тапсырды.
"Ауылдың дамуына мән беріп, ауылдағыларға жұмыс берсең, істейді".
"Үй салып, инфраструктураны дамытсақ, бізге ауылдан халық тартыла бастайды. Үлгі бола алатын ауылдар бар, осы орайда Үкіметке "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасын құруды тапсырамын. Ол үшін 90 млрд теңге бөлініп, 2019-2020 жылдары игерілуі керек".
Назарбаев Кеден қызметінде шикіліктердің көп екенін айтып отыр. Сонымен қатар, қаржы министрлігі де мемлекеттік сатып алуларды сылтау етіп, мұрттарын майлап отырғанын айтты. Сондықтан, осы салаларда тексеру жүргізіп, салық әкімшілігін дұрыстап, ақша үнемдеу керек екенін міндеттеді".
Нақты принциптерге көшу
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Нұр Отан дәл қазір, дәл мынадай принциппен жұмыс істеуі керек. Қоғамдық бақылаулардың жұмысын күшейтуіміз керек.
"Барлық бағдарлама бар. Индустриялық, ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау бағдарламалары бар... Бәрі бар, қаржыны бердік. Сол бағдарламалардың барлығы орындалса, халықтың жағдайы түзеледі".
Назарбаев бюджетті бақылап, әрбір теңгенің қайда жұмсалып жатқанын қадағалаудан, аурухана мен мектептер салып, жол жөндеуден басқа Үкіметтің басты жұмысы болмауы тиіс екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, Президенттің пайымдауынша, Үкіметтің басты назары нақты жұмыстарда болу керек.
"Партияның дәрежесін көтеріп, ел алдына жұмыс жасайық. Партияның экономикалық бөлімін, мониторинг кабинетін құрамыз. Халыққа көмек көрсету бағдарламасын күшейту керек."
"Сондықтан, "Нұр Отанға" президент әкімшілігімен бірге квартал сайын жауапты органдардың есептерін маған жеткізіп отыруын бұйырамын. "Нұр Отан", "Атамекен" бірігіп, мақсатты бағдарламаны жүзеге асырулары керек".
Жемқорлықты жоюға бағыт
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Жемқорлықты жоюға қатты көңіл бөлу керек. Әсіресе, жастар арасында. Биыл жастар жылы, олар – біздің болашағымыз. Ал партия жас кадрларды қолдауға көңіл бөлсін. "Нұр Отан" мүшелерінің бәрі нағыз ұлтжанды, абыройлы болуы керек. Біз бүгін сан қуаламай, сапаға көшеміз. Партия мүшелерінің сапасы маңызды
"Партиялық шаралардың бәрінің мазмұнына аса көңіл бөлу керек. Біз халықтың шын жағдайымен танысып, шешімдерді ұсынуымыз керек. Бұл біздің қолымыздан келеді".
Нұрсұлтан Назарбаевтың сьездегі баяндамасы жарты сағатқа созылды. Президент нақты тапсымалардан бастаған баяндамасын қарапайым тілмен аяқтап, партиялықтаға сенетінін жеткізді.
Елбасының сөзі "Алға, "Нұр Отан" деген ұранмен аяқталды.
Мәулен Әшімбаев Партия сьезіне орай Елбасының және "Нұр Отан" партиясының атынн Медведев, Си Цзиньпин және тағы да басқа саяси тұлғалардан құттықтау жедел хат келгенін хабарлады.
Қомақты қаржы – үлкен қолдау
Бауыржан Байбек:
"Аса құрметті, Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті "Нұр Отан" партиясының мүшелері!. Жаңа ғана жария етілгендей, милилиондаған халықтың әл ауқатын жақсартуға ұлттық қордан миллиард қаражат бөлінді – үлкен қолдау".
Бауыржан Байбек партия сьезіндегі баяндамасын қазақша бастап, нық дауысымен есеп берді.
"Елбасының тапсырмаларына аянбай кірісу ғана қалды. Осы жолда қолда бар тетіктерді оңтайлы пайдалану керек. Осыдан да болар қызығы да шыжығы да мол 20 жыл ішінде партия сан қилы жолдан өтті".
"Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің ұсынғаныңыз 2030 жылға дейінгі бағдарлама – халықтың ертеңіне деген сенім ұялататын үлкен бағдарлама".
Алматы әкімі Бауыржан Баубектен кейін сөз тізгінін "Аллюр" Компаниялар тобы" АҚ басқарма төрағасы Андрей Лаврентьев алды.
Авто өндірісіне көңіл бөлінеді
Андрей Лаврентьев:
"Нұрсұлтан Назарбаев біздің өндіріске бес рет келді. Бұл Елбасының әрбір өндіріске жаны ашып, әрбір өндіріс есінде екенін көрсетеді. Мен өз өндірісіміздің нәтижелеріне тоқталып өтейін".
"Былтыр біздің зауыт электравтобусын шығарды. Ол автобустар Ақтау, Атырау қалаларына бағытталған. Биыл Шымкент, Талдықорған қалаларына арнап шығарамыз. Астана мен Алматы қалаларында біздің электравтомобильдеріміз жүріп жүр. Оның үстіне біздің еліміздің жер ресурсы өте бай, сондықтан, біздің отандық ауыл шаруашылығы техникасын шығару керек. Сондықтан, биыл біз "Беларусь" тракторларының отандық үлгісін жасау жобасына кірісеміз".
"Бүгін Партияның бағдарламалы құжаты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Біз өндірушілер Партияның алға қойған тапсырмаларын орындау үшін бар күшімізді саламыз. Құрметті Елбасы! Сіз бүгін нақты тапсырмалар беріп, нақты жоспар ұсындыңыз. Партияластарымды нақты жұмыстарға шақырамын. Рақмет, сізге Елбасы".
Одан кейін Мәулен Әшімбаев көп балалы ана Ғалия Ақбасоваға сөз берді.
Ғалия Ақбасова:
"Мен қазір зейнеткермін. Бірақ, зейнеткермін деп, қол қусырып отырған жоқпын. Аналар кеңесінің төрайымымын. Жастарға ақыл-кеңесімізді беріп, жөн сілтеп отырамыз. Жастарға алдыңғы буын аналардың сабырынан үлгі алсаңыздар деймін".
"Мемлекет көп балалы аналарға үнемі қолдау көрсетіп келді және көмекті арттыра береді. Бүгін Елбасының ұсыныстарын тыңдап, қуанып отырмын".
"Жәрдемақы өсіп, баспана мәселесінде көп балалы отбасыларға жеңілдік жасалатынын естіп, мен ғана емес, республикадағы барлық аналардың қуанып отырғанына сенімдімін".
"Ана ретінде үлкен тебіреніспен қабыл алдым. Көп балалы отбасыларға үлкен қолдау көрсетуіңіз болашаққа сенімді ұлғайтты. Қазір аналар көп балалы болудан қорықпайды. Өйткені ана мен бала мәселесі басты назарда тұрғанын біледі".
"Бір ғана Алматы облысының өзінде жыл сайын бірінші сыныпқа 46 мыңнан астам бала барады екен. Бұл деген керемет емес пе! Осындай жағдай жасап, бүгін нақты тапсырмаларды ұсынған Сізге мың рақмет".
Ардақты ана Елбасына басын иіп, алғысын айтты.
Келесі сөз Солтүстік Қазақстан облысынан келген кәсіпкер, "Зенченко және К" басшысы Иван Зенченкоға берілді.
Солтүстік Қазақстанда шаруашылықтар цифрландырылып жатыр
Иван Зенченко:
"Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Ең алдымен Нұр Отан партиясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. 10 жыл бұрын менің атам партияның 10 жылдық меретойында сөз сөйлеген. Он жылдан кейін, 20 жылдықта мінберге шығуға мүмкіндік алғаным мен үшін толғанысқа толы сәт".
"Мен Солтүстік Қазақтандағы 40 мың нұр отандықтың сәлемін ала келдім. Ауыл шаруашылығы секторы драйверге айналу керек. Бізде 6 сүт комплексі бар, 1000 тонна ет алдық".
"Біздің егініміз үлкен. Өз элеваторымыз бар. Біздің ауыл шаруашылық техниканаларымыздың барлығы заманауи. Болашақта ауыл шаруашылығы саласы цифрландыруға көшеді деп үміттенемін. БҰҰ-ның болжамы бойынша, "ақылды техника" алдағы 30 жылда азық-түлік өндірісін 70 пайызға арттыра алады".
"Елбасының жолдауын қолдауға шақырамын. Бұрын сіз энергияның альтернативті нұсқаларын қолдануды ұсынғансыз. Бүгін Зенченко – Солтүстік Қазақстанның мақтанышы. Бұл жерде менің атам да жұмыс істеді, мен және менің балаларым да жұмыс істейді деп сенемін".
Кәсіпкер Зенченко Солтүстік Қазақстан облысы атынан Елбасына алғысын айтты.
Мәулен Әшімбаев келесі сөзді Нұр Отан партиясы БҚО Тасқала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Думан Ғазизге берді. Мінберге жас партиялық шықты.
Думан Ғазиз:
"Бұл аудан еліміздің батыс өңіріндегі шекара бойында жатыр. 18 мыңның үстіндегі тұрғыны бар ауданымыз замана игіліктерін кеңінен пайдаланады. Сіздің жолдауда тұрғындардың өмір сүру салтын жақсарту туралы айтылған. "Нұрлы жол" арқылы салынған 104 шақырымдық Орал – Тасқала жолы жөнделді. Жылдар бойы жол азабын тартып келген тасқалалықтардың алғысын ала келдім".
"Жол салығы мен құрылыс жұмыстары, шағын қалаларды таза сумен газбен қамту партияның бақылауында болу керек. Сіздің әлеуметтік бес бастамаңызды елге түсіндіру үшін шалғайдағы елді мекендерге дейін барып жеткіздік".
Кейінгі сөз "Самхат" ЖШС директоры Самал Тілеубаеваға берілді.
Самал Тілеубаева:
"Құрметті партияластар! Біз мерейтойлық бағдарламада дамудың жаңа бағдарламасын қабылдағалы отырмыз. Партия 2030 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 40 пайызға жеткізу тапсырған. Бұл – өте маңызды міндет. Бірақ, жұмыс істесе, қол жеткізуге болатын міндет. Өзім басқарып отырған өндіріс он жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келеді. Адамдар Қазақстанда жасалған өнімге біртіндеп көшіп келе жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев: "Оларды менен үлгі алсын деп асықтыр. Әйтпесе, асығатын түрлері жоқ" (күліп).
Самал Тілеубаева: "Тырысайын".
Кәсіпкер Самал Тілеубаева өз сөзін жалғастырды.
"Менің ұсынысым бар. Өндіріс орындарын ауылдарда салайық. Бұл ауылдық жерлердегі әйелдер мен толық емес отбасыларды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Біз ауыл тұрғындарын жұмысқа тартуға тырысамыз. Өйткені, сол арқылы ауылдағы азаматтардың әлеуметтік материалдық жағдайын жақсартуға болады. Алдағы он жылда елімізде жүздеген кәсіпорынның ашылатынына, осылайша қазақстандықтардың әлеуетінің артатынына сенімдімін. Ал, Қазақстанда жасалған етік пен киім трендке айналады деген ойдамын".
"Сіз ұсынған барлық бағдарламалар маңызды. Партия жүзеге асыруға үлес қосады. Мұндай қолдау дамыған елдерде де кездесе бермейді".
Елбасы мақаласы – халықтың ұлттық коды
"Егемен Қазақстан" Республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі кәсіпкер Самал Тілеубаеның сөзін жалғастырды.
Дархан Қыдырәлі:
"Азаттықтың арайлы таңынан көшіңіз құйылды, жұртыңыз жиылды. Ойдағы орнап, көңіл жайланды, береке-бірлігі бекем байтағымызға бақыт байланды. Ең бастысы – қазақ болу үлкен мақтанышқа айналды. Қазіргі таңда тағдыршешті тарихи істердің бел ортасында жүрді. Өзегін өзіңіз салып берген үрдіс жалғаса береді деп сенемі.
Дархан Қыдырәлі өз сөзінде ел газеті "Егемен Қазақстан" газетіне ауыл тұрғындарынан көптеген хаттар келетінін айтып өтті.
"Қарапайым оқырман көбіне шалғайдағы ауылдың жай-күйі мен әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Сондықтан, бүгін әлеуметтің әлеуетін арттыруға қатысты баса айтқан бағдарлы сөзіңіз - халықтың аз қамтылған бөлігін қолдау, табысы төмен азаматтардың баспана мәселесін шешу, өңірлерді кешенді дамыту туралы тапсырмаңыз көпшіліктің көкейінен шығып, көңіл төрінен орын алды деп ойлаймыз. Бюджет саласындағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы тапсырма тапсырмаңыз миллиондаған азаматтарымызды қуанышқа бөлейді. Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың қатарының да артуы да маңызды. Бұл – көпбалалы отбасыларға үлкен демеу болары анық".
"Бүгінде жоғымыз түгенделіп келеді. Рухани жаңғыру – аса маңызды іс".
"Егемен Қазақстан" Республикалық газетінің басқарма төрағасы "Бақытты отбасы" жобасы аясында партия Президенттің тапсырмаларын орындауы керектігін де атап өтті.
"Сіздің бастамаңызбен қолға алынған "Ауыл – ел бесігі" атты жоба да ауылда тұратын ағайын үшін аса қажетті деп білеміз. "Құтты мекен" партиялық жобасы аясында "Нұр Отан" өңірлерді дамыту, жолдарды жөндеу, халықты ауыз сумен, көгілдір отынмен қамтамасыз ету туралы міндеттерді жүзеге асыруға үлес қосады деп ойлаймыз. Айта кетерлік жайт, мұндай әлеуметтік кешенді қолдау әлемнің дамыған елдерінде кездесе бермейді. Сондықтан, біз мұны – мемлекеттің халыққа жасаған айрықша қамқорлығы деп білеміз".
"Мақалаңызды ұлттық код, рухани иммунитет ретінде қабылдады".
Дархан Қыдырәліден кейін Балалардың құқығын қорғау ұйымының жетекшісі Закиева Динараға сөз берілді.
Балалардың денсаулығы басты приоритетке айналуы тиіс
Динара Закиева:
"Құрметті Президент! Бүгінгі баяндамаңызда сіз көп балалы отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға қандай көмек берілетінін жеке жеке атап өттіңіз. Сегіз жыл бұрын біз мүгедек балаларды қолдау жобасын бастаған едік. Сол сегіз жыл ішінде сал ауруына шалдыққан 1677 балаға тегін көмек көрсеттік.
"Мен азаматтық сектордың өкілімін. Осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметте де істеп көрдім. Ал, соңғы он жылдан бергі қызметім көмекке зәру балаларға байланысты. Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев! Сіздің тапсырмаңыз бойынша "Нұр Отан" партиясы жанынан балалардың құқығын қорғау жөніндегі ұйым құрылды, Міне, қазір мен сол ұйымда жұмыс істеймін".
"Бір аптаның ішінде Нұр Отан партиясы қоғамдық қабылдауына 300-ден астам отбасы өз проблемасын айтып келді" дейді. Закиева атап өткендей, ұйымның ендігі жұмысы – аулаларды аралау, яғни, тұрғын үй аулаларындағы балалармен, олардың ата-аналарымен танысып, кімнің бос жүретінін, кімнің сабаққа барып, біліммен қамтылғанын анықтау".
Динара Закиева Президентке Астанадағы жетім балалар үйін балаларды оңтайландыру орталығына ауыстыруды ұсынды. Осылайша, тастанды балалардың санын азайта аламыз дейді.
"Барлық өңірлерде осылай жұмыс істеп, көп адамдарға көмектесе аламыз ғой. "Нұр Отан" да көмектесер еді, жағдайға байланысты. Балалар үйі де болмас еді. Әйелдерге бастапқыда көмек көрсетсек, аяққа тұрып балаларын алып кетер еді".
Президент Динара Закиеваның баяндамасына ризашылығын білдірді. Әкімдерге қарата: "Аймақтар, айтыңыздаршы, осылай жұмыс істеуге болады ғой! Әрбір аймақта жетімдер санын азайтуға болады", – деді.
Келесі сөз болашақ түлегі, "STEM" академиясының негізін салушы Әбутәліп Мүтәліге берілді.
Қазақ жастарының потенциалы жоғары
Әбутәліп Мүтәлі:
"Бес шетелде білім алғаннан ешкімнен кем болмадық. "STEM"жобасын енгіздік. Бұл – математика, физикадан алған білімді өмірде қалай қолдануға болатынын көрсететін жоба.
"Сапалы білімге қол жеткізуіміз керек" деген тапсырмаңыз бойынша ұстаздарға шет елде тағлымдамадан өту үшін барлық жағдай жасалды. Осы орайда, мұғалім мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысы өзгелерден көбірек болса, осы салаға көптеген балаларды тартар едік деген ұсыныс бар".
"Талантты жастар өте көп, әр бір мектептерінде "STEM" кабинеттері болса деген ойдамыз".
"IT орталықтар ашып жатырмыз. Алда 7 орталық ашамыз. Бізді оқытқан шығынды қайтару үшін өнім өндіріп, соны шет елге сатып қайтаруымыз керек".
"Шөкеев кезінде бір ауыз орыс тілін білмеген"
Әбутәліп Мүтәлі баяндамасын аяқтаған соң, Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" түлегін сәл кідіртті де:
"Болашақпен барған балалардың өзге елдің жастарынан ешқандай кемшілігі жоқ екенін айттың ғой. Қазақ балаларының арасында да физик, математик, химиктер табылады. Ел ағаларынан үлгі алыңдар. Мына отырған Өмірзақ Шөкеев (кеше ғана Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған Өмірзақ Естайұлын көзімен меңзеп) кезінде Мәскеуге оқуға барғанда орысша бір ауыз сөз білмеген екен. Бірақ сол оқу орнын қызылға бітіріп шықты. Қазір енді Түркістанды салуға кетті".
"Шет елде қандай ауру болса да, ем-домын алған соң үйіне шығаруға асығады. Тіпті жүрекке ота жасалса да тездетіп үйіне жібереді. Ал бізде айлап ұстап отырады. Ол кейбір дәрігерлерге тиімді. Олай отыру керек емес".
Кейінгі сөз Атырау қаласынан келген кардиолог дәрігер Жанар Оралбековаға берілді.
Қазақстанда 20 жылда 1500 аурухана салынды
Жанар Оралбекова:
"Соңғы 20 жылда 1500 аурухана салынды. Біздің дәрігерлерде ұрысуға дайын тұратындар көп, қызмет көрсету сапасы мен дәрігерлердің этикасына, ауруханалардағы кезекке көңілдері толмайды. Біз науқастарды түсінеміз, бірақ көп нәрсе жасалды".
"Қазақстандық дәрігерлер шетелде білім ала бастады. Жүрек қан тамырлары ауруларынан және басқа да аурулардан қайтыс болатын адамдардың саны азайды. Ең маңыздысы – Қазақстанда өмір сүру жасы ұлғайып, 73-ке жетті және әлі ұлғайып жатыр. Ал мен үшін алғашқы медициналық-санитарлық қызмет көрсету мамандарының тапшылығы".
Нұрсұлтан Назарбаев дәрігердің сөзін бөліп:
"Менің де айтып жүргенім осы. Алғашқы көмек көрсететін буынды көбейту керек. Халқы ұзақ өмір сүретін Жапония, Испания елдерінде алғашқы медициналық көмек, бірінші диагноз бен алғашқы ем-домның сапасы артқан. Ал, біз араластырып жібергенбіз. 500 адамға арналған аурухана салып аламыз да айлап жата береміз. Бұндай тәжірибе еш жерде жоқ. Басқа елдерде қатты аурудан кейін, операциядан кейін бір апта өте ауруды үйіне жібереді. Ал біздің дәрігерлерге олардың жата бергені тиімді. Олар аурухана төсегінде жатқан сайын пайда табуға болады".
Жанар Оралбекова Елбасы ескертуін тыңдағаннан кейін қазақстандықтардың өмір сүру жасын 77-ке жеткізіп, цифрлы технологияларды дамыту керектегін айтты.
"Дәрігерлер электронды жұмысқа ауысқан, құжаттар электронды түрде жазылып, сақталады, Дәрігерлерді шетелге жіберіп оқыту жақсы тәжірибе деп ойлаймын және ол тоқтамауы керек. Сіз үнемі нақты әрі ауқымды міндеттер жүктейсіз, денсаулық сақтау саласының мамандарды сізді толықтай қолдайды".
Сөз кезегі үш кен байыту орталығының директоры Мұрат Бөрібаевқа берілді.
"Атам да, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз сияқты металлург болды"
Мұрат Бөрібаев:
"Мен қызмет жолымды қарапайым металлург болып бастап, ауысымдағы шебер, цех басшысы болдым. Атам да, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз сияқты металлург болды. Аталарамның барлығы – металлургтер.
"Жезқазғандағы кен байыту фабрикасында 2000 адам жұмыс істейді. Ал, жергілікті және жалпыхалықтық мәселелерді шешуде біздің партиялық ұйымдардың еңбегі зор. Бүгін өзіңіз жария еткен партияның жаңа бағдарламасын іске асыруға дайынбыз. Мен қазақ жастарын еңбекке шақырамын. Зауытқа келіп, жұмыс істеп көріңдер. Бізде бос тұрған жұмыс орындары көп, әсіресе, жас мамандар жетпейді. Ауыр жұмыстан қашпай келсеңіздер, бірге отандық өнеркәсіпті дамытар едік".
Жас кеншінің сөзін бөлген Нұрсұлтан Назарбаев Жезқазғаннан келген делегаттың баяндамасын тыңдаған соң, жастарды кезінде Теміртауға шақырғанын есіне алды.
"Кезінде Теміртау мен Жезқазғанның жұмысы тоқтап қала жаздаған. Сондықтан, Жезқазаған сияқты кен орындарымызға жұмысқа ағылу керек".
Кейінгі сөз "Жас Отан" Жастар қанатының Ақтөбе дегі бөлімінің жетекшісі Асылжан Мәмбеталинге берілді.
"Біздің партия халықтың дауысына айналды"
"Сіз биыл жастар жылы деп жарияладыңыз. Қазіргі жастар қабілеті артып келеді. Тіпті дамыған елдерде да жастарға бұл дәрежеде қолдау көрсетілмейді. Өңірлерде ауқымда шаралар жүзеге асырылып жатыр. Өткен жылы бізде 6000 оқушы ағылшын тілін үйреніп шықты. Ал биыл 8000 оқушыны оқытуды жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, өңірлерде 137 кітапханада модернизациядан өтті. Оқырмандар 1700 кітапта онлайн оқи алады. Жыл соңына дейін онлайн нұсқасы бар кітаптарды санын 10 мыңға жеткіземіз. Бүгінде біз жастар арасында инновациялық жобалар байқауын үдемелі түрде ұйымдастырып келеміз".
"Біздің партия 20 жылда халық дауысына айналып қана қоймай, білікті мамандарды дайындайтын ортаға айналды. Бағдарламаларды жүзеге асыру барысында, біз, "Жас Отан", бар күшімізді білім мен ғылымға бағыттауға уәде береміз. Қазақстанды дамыған 30 ел қатарына кіргізуге еңбек етеміз".
Сөзді "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев жалғастырды.
"Нұр Отан" партиясының жарғысына өзгерістер енгізілді
Мәулен Әшімбаев:
"Бірінші мәселе бойынша 13 адам сөйледі. Сөз жалғасын тоқтатып, дауыс беруге көшуді ұсынамын. Шешім қабылданды. Қарсы болғандар жоқ. Бірінші мәселе бойынша шешімді бекітіп, партияның 2030 жылға бағытталған бағдарламасын қабылдау керек. Елбасының толықтырғанын ескере отырып, қабылдауды ұсынамын".
"Бағдарлама бір дауыспен қабылданды".
"Күн тәртібіндегі екінші мәселе – "Нұр Отан" партиясының жарғысына енгізілген толықтыруларды енгізу".
"Латын әріптеріне көшкендігімізден партияның атауында латын әріптерін қолдану ұсынылады. Партия логотипінде Күннің 17 сәулесі бейнеленген. Ол біздің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларын білдіреді. Латын графикасындағы атау партия төрағасының қолымен жазылды".
Мәулен Әшімбаев кейінгі сөзді Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіровке берілді.
Нұрлан Әбдіров:
"Сайлау заңына байланысты партия жарғысына өзгерту енгізу қажет. Орталық аппарат өңірлердегі бөлімшелермен бірге белсенді түрде атсалысты. Ортша жалақының өскеніне қарамастан, партияға мүше болу үшін төленетін жарна төмендетілді".
"Өзгерістің бірінші блогы. Бюроның саяси кеңесіне актуалды саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарастыру құқығын беру ұсынылады. Сонымен қатар, партия мүшелері арасынан мемлекеттік қызметке тағайындауға партияның кадрлық резервін қалыптастыру ретін дайындау да жүктеледі".
"Сондай-ақ, саяси кеңес партия органдарының жарғыға сай емес шешімдерді жоққа шығару құқығы беріледі. Әрбір партия мүшесі азаматтарды жеке қабылдауға міндеттеледі. Саяси кеңес Мәслихат депутаттарының қызметін аяқтау мәселелерін де қарастырады".
"Жарғы партияның жылдық есебін БАҚ құралдарында жариялау нормасымен толықтырылады".
"Екінші блок партияның жұмысын жақсартуға бағытталады. Барлық ұсыныстар партияның елдегі ықпалын арттыруға, партия мүшелерінің тиімді жұмыс істеуіне, оларды мобильдендіруге бағытталады".
"Айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру партияның жоғары деңгейде жұмыс істеуіне мүмкіндік жасайды. Барлық ұсыныстар партияның өңірлердегі бөлімшелерінде қызу талқыға салынды. Осыны ескере отырып, толықтырулар мен өзгертулерді партияның жарғысына енгізуді сұраймын".
Мәулен Әшімбаев:
"Енгізілген өзгерістерді кім қолдайды?"
Партия мүшелері дауыс берді.
"Шешім бір дауыспен қабылданды"
"Күн тәртібіндегі үшінші мәселе. Біздің қолымызда партия органдары мен қаулы жобалары. Кеше бұл талқыланды және қабылдау ұсынысы енгізілді. Дауыс беруге салайық. Бір дауыспен қабылданды. Қарсы болғандар жоқ".
"Нұр Отан" партиясы кеңесінің жаңа құрамы
Партияның саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Олардың арасында әнші де, ақын да, депутат та, әкім де бар. Партия органдарының жаңа құрамын сайлау туралы мәселе енгізіліп отыр.
Партия саяси кеңеске мүшелікке ұсынылғандар:
- Дәурен Абаев
- Мәлік Айдарбаев
- Бекзат Алтынбеков
- Эмин Әскеров
- Ардақ Аталықов
- Анар Ахметова
- Гүлшара Әбдіқалықова
- Ғабидолла Әбдірахманов
- Рустем Әбдірәшов
- Нұрлан Әбдіров
- Нариман Әбілшайықов
- Нұралы Әбішов
- Мұрат Әділханов
- Оспанбек Әлсейітов
- Мәулен Әшімбаев
- Бауыржан Байбек
- Ұлжан Байбосынова
- Аида Балаева
- Айнагүл Балташова
- Асқар Бейсенбаева
- Вадим Большедворов
- Татьяна Булгацеви
- Зүлфия Ғабидуллина
- Наталья Годунова
- Сергей Громов
- Тамара Дүйсенова
- Айсұлу Ерниязова
- Аманбай Ерхатов
- Мұқаш Ескендіров
- Ахметжан Есімов
- Анар Жайылғанова
- Шолпан Жаманбалаева
- Мұрат Жәкібаев
- Ирина Жукова
- Бақытжан Жұмағұлов
- Қаныбек Жұмашев
- Динара Закиева
- Ләззат Ибрагимова
- Әсет Исекешев
- Гүлмира Исимбаева
- Дархан Калетав
- Дәурен Кәрібек
- Рауан Кенжеханұлы
- Вера Ким
- Ерлан Қарин
- Мұхтар Құл-Мұхамет
- Айзада Құрманова
- Сәуле Құсмолданова
- Дархан Қыдырәлі
- Андрей Лаврентьев
- Марина Лимаренко
- Александр Макаренко
- Асқар Мамин
- Бақтияр Мәкен
- Еркебұлан Мәмбетов
- Гүлсина Мирғалиева
- Бағдат Мусин
- Айман Мұсақожаева
- Абылай Мырзахметов
- Дариға Назарбаева
- Нұрлан Нығматулин
- Зоя Новолодская
- Нұрлан Ноғаев
- Айбек Нұғымаров
- Эдуард Ошай
- Нұрлыбек Ожаев
- Анвар Осин
- Рахым Ошақбаев
- Аббат Өрісбаев
- Болат Өтемұратов
- Артур Платонов
- Юрий Пя
- Альберт Рау
- Тамила Розметова
- Ольга Рыпакова
- Нұртай Сәбильянов
- Бақытжан Сағынтаев
- Исламбек Салжанов
- Иван Сауэр
- Әлібек Семғалиев
- Нұрлан Серғалиев
- Бақыт Сұлтанов
- Ерлан Сыдықов
- Базара Таңбаева
- Ләззат Танысбай
- Әзілхан Тәжікеев
- Марат Тәжин
- Андрей Терещенко
- Қасым-Жомарт Тоқаев
- Алмат Тұрсынов
- Бекболат Тілеухан
- Ирина Чидунчи
- Бекарыс Шойбеков
- Өмірзақ Шөкеев
- Талғат Ысқақов
- Әлия Юсупова
Орталық ревизиялық бақылау комиссиясына 14 адам ұсынылды. Партия мүшелері қолдады.
Саяси кеңес бюросы партияның мына мүшелерін сайлауды ұсында:
- Қасым-Жомарт Тоқаев;
- Нұрлан Нығматулин;
- Асқар Мамин;
- Әсет Исекешев;
- Марат Тәжин;
- Наталья Годунова;
- Бақыт Сұлтанов;
- Бауыржан Байбек;
- Дариға Назарбаева;
- Мәулен Әшімбаев;
- Александр Павлов.
Құрам толық қабылданды.
"Нұр Отан" партиясының XVIII съезі соңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қорытынды сөз сөйледі.
"Көппіз деп отыра бермей, нақты жұмыс істейік"
Нұрсұлтан Назарбаев:
"Қорытындылау үшін әдейі сөз сөйлеудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Баяндамада партияның мақсаттарын түгел қарастырдық. Мемлекеттің барлық салаында бағдарламасы бар. Қаражат жағы жаңа айтылды, күтіп отырған ел естіді. Біз бүгін талқылап, бағдарламаны қабылдадық. Депутаттар мен делегаттардың айтқан сөздерінен қолдауды көрдік. Сондықтан, партиямызды өте үлкен күш деп ойлаймын".
"Бірақ көппіз деп отыра бермей, нақты жұмыс істейік. Әрбір ауданда, ауылда партияның өкілдері бар. Бірақ, партияға мүшемін деп отыра бермей, жұмыс істесек, абыройлы партия боламыз. Алдымызда Парламент, Президент сайлауы тұр. Ол сынақтан өту үшін партияның ел алдында абыройы болуы керек".
"Сондықтан, алға қойылған мақсаттарды орындау үшін, әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауымыз керек. Үкімет пен парламент біріге отырып жұмыс жасаймыз. Жаңа сайланған үкімет ойымыздағыдай жұмыс жасайды деп ойлаймын".
"Бәріміз бірлесе жұмыс істейік!" – деп аяқтады сөзін