Размер шрифта:

«С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша оқушылардың асханада тегін тамақтануы туралы анықтамасы 2018-2019 оқу жылы қыркүйек айы

Дата: 2019-01-11 09:12:23

 

С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия асханасында тамақтану туралы жоспар жасалған. ҚР методикалық нұсқау хаттары басшылыққа алынып әкімшілік кеңесте қаралады, хаттамалары жүргізіліп отырады.

Биылғы  2018-2019  оқу жылында қыркүйек айы бойынша 1-11 сыныптар арасында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, ата-анасыз қалған, қамқорлыққа алынған отбасының  105 оқушы баласы жалпыға білім беру қорынан 300 теңгелік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. 

Асханада қайнатылған су өзінің нормасында.

Оқушыларға берілетін тағамдар сапасын бақылау үшін бракераждық комиссия құрамын бекітілген жөнінде мектепішілік бұйрықтар шығарылған. Осы бұйрықтардың орындалысын қадағалау мектеп дәрігері мен әлеуметтік педагогына жүктелді.

1-11 сынып оқушыларының асханада тегін ыстық тамақпен тамақтану кестесі және мұғалімдердің кезекшілік кестесі құрылды. Оқушылардың күнделікті қатысу табелі толтырылып отырылады. Апта сайын тағамдар сапасын бақылау үшін бракераждық комиссия құрамындағы комиссия мүшелері тексеру жүргізіп, акт жасап отырады. Тексеріс барысында тамақтың сапасына ескертулер болған жоқ. Ішінара ескертулер жасалды. Ескертулерден кейін қорытындылар шығарылып тексеру жүргізіліп, акт жасалып отырылады. Күнделікті кездестіріліп дәрумендірілген шырын, кампот, кисель, какао, әр түрлі салаттар, алма, дәрумендірілген тамақтар беріледі. Тағамдардың бәрі күнделікті жасалып отырылады.

Дәрігердің келісімімен бір апта бұрын ас мәзірі жасалып, мектеп директоры бекітіп отырады. Асханада санитарлық нормалар сақталған, тамақты тендр бағаларымен дүкендерден алады.

Жыл басынан бастап асханада аптасына 1 рет тазалық күні бекітіліп жасалып отырылады. Асханада жұмыс істейтін жұмыскерлердің тазалығын, ірің жарасына тексеру журналы, бракераждық, ата-аналардың пікірі, арыз, талап журналдары тіркеліп, бақыланып отырылады.

Асхана тамағының сапасына, дәмділігіне, тамақ құрамындағы ингредиенттердің сай келуіне дәрігер маңызды талап қояды.

Асхана ыдыс-аяқтарының тазалығы мен сапасын да дәрігер қадағалап отырады.

Асхананың тамақтану жөнінде арнайы паспорты бар. Күнделікті жүргізіліп отырылады.

 

Орындаған Р.Т. Рахимова

 

Ай сайынғы тамақтану мониторнгісі

 

Ай сайын

Жалпы оқушы саны

Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар  саны

Буфеттік тамақпен қамтамасыз етіп отырған оқушылар саны

қыркүйек

1466

450

30,69%

1011

68,96%

қазан

1466

650

44.33%

816

55.66%

қараша

1471

694

47.17%

777

52.82%

Автор: №7 МГ