«Өмірге иә деп айт»
Дата: 2018-03-05 09:13:25
Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы КММ 23.02.2018ж. күні мектеп психологтары «Өмірге иә деп айт» тақырыбында тренинг өткізді. Баяу музыка ырғағымен «түнгі аспан» тренингі өтті. Бұл бөлімде оқушылар көздерін жұмып, түнгі аспанды елестетті. Түрлі –түсті қарындашпен өз ойларын қағаз бетіне түсірді. «Өмір құндылықтары» тренингі екі топқа бөліну арқылы жүргізілді. Екі топ алдарына берілген плакаттарға өмірдің құндылықтары деп нені бағалайды, сол туралы шағын сурет пен сызбалар дайындады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, салған суреттерін қорғады. Соңында екі топ мүшелері бір-біріне тілектерін айтты.