«Түсті ажырат» ойыны
Дата: 2018-03-01 12:47:34
С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының «Балбөбек »шағын орталығында 08.02.2018 ж. күні «Түсті ажырат» ойыны бойынша балаларға аюдың, алманың, гүлдің боялмаған суреттері берілді. Әр бала өздеріне берілген суреттердің не екенін алдымен ажыратып айтып шықты. Психолог сұрақ қоя отырып баланың түстерді және тиісті суреттердің қандай түспен боялатынын ажырата білу қабілеттерін анықтады. Кіші топқа жас ерекшеліктеріне сай алманың суреті берілді. Балалардың кйбірі жасыл түсті таңдаса кейбірі қызғылт түсті таңдады. «Айгөлек» тобына гүлдің суреті берілді, үлкен топқа аюдың шыршаға су кұю суреті берілді. Әр бала өзіне ұнаған ашық түстерді таңдап бояды. Балалар арасында суреттерін толық аяқтамағандары да болды. Түрлі-түсті қарындаштарды қолданудың балалардың түстерді ажырата алу қабілеттерін дамытуға үлесі зор.
Өткізген: Толекулова Т.К.