«Бір шаңырақ-бір мектеп»

Дата: 2018-01-31 14:53:44
«Бір шаңырақ-бір мектеп»

      С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында 30.01.2018ж. күні МІЕ тұрған, ерекше бақылауды қажет ететін оқушылармен «Бір шаңырақ-бір мектеп»тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: оқушылардың бойындағы ұйымшылдық, достық қасиеттерін арттырып, мектеп тәртібін сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу. Тренинг мынадай бөліктер бойынша өтті: 1.Қиын баланы жан-жақты танып ашу: Әдістеме: “Қиын бала”. 2. Мимика арқылы қарым-қатынасын түзету:Әдістеме: “Ситуацияны көрсет!” 3. Жаман әдеттерін түзету: Әдістемелер: “Жақсы жаман қасиеттер”, “Карусель”. 4. Адамгершілікке тәрбиелеу: Тренинг: “Адамгершілік жүрегі”. 5. Жауапкершілікке үйрету: Тренинг: “Мен саған сенемін!” 6. Өзін-өзі тәрбиелеу: “Ашулы шарлар”. 7. Релаксация: Оқушылар тренингке белсене қатысты, әсіресе «Ашулы шарлар», «Карусель» бөлімдері  қызықты өтті.

Автор: №7 МГ