Психологиялық бағыттау және психодиагностикалық жұмыстар
Дата: 2017-12-12 03:01:00
11 сынып оқушыларын мемлекеттік аттестацияға психологиялық бағыттау және психодиагностикалық жұмыстардың қорытындысы бойынша есеп беру. Педагог – психолог: Мукажанова Д.К.
ҰБТ-ға психологиялық бағыттау жұмысының мақсаты:оқушылардың эмоционалдық интеллектісін дамыту,психологиялық саулықтарын қамтамасыз ету. ҰБТ-ға психологиялық бағыттау жұмыс жоспары төмендегідей жүйелеу кезеңдеріне бөлінеді: Бірінші кезең:қорқыныш, мазасыздану, үрей сияқты ішкі күйін анықтау және түзету жұмыстарын жүргізу. Екінші кезең: оқушылардың ҰБТ-ға бойсұндыру, емтиханға оң көзқарас қалыптастыру, дайындалудың өзіндік дербес стратегиясын құруғызу, көңіл-күйі мен ҰБТ кезіндегі жұмысын алдын-ала нәтижелі құруға көмектесу, логикалық ойлау жұмыстарын ұйымдастыруға бағыттау. Үшіші кезең: оқушылардың ерік-жігерін реттеу жұмысы және толық курс бойынша алған білімдерін жүйелеу, сондай-ақ оларды қолдануға үйрету.