14.04.2016 ж. өткен мектеп күні
Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу болып табылады. Қазақстан Президенті тарапынан да елімізді бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енуі туралы міндет қойылған. Бұл міндетті орындауда білім беру жүйесін жетілдіру маңызды роль атқарады. Ал шешу жолдары 2016-2019 жылдарға арналған білім беру мен ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген .
Мектептегі білім алуды модернизациялаудың мазмұны: білім берудің нақты әлеуметтік ролі мен потенциалын көрсететін, білім берудің әлеуметтік қызметі арасындағы қашықтықты болдырмауға бағытталған оның жаңару үрдісі. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі мемлекеттік және әлеуметтік тапсырысқа сай әр деңгейлі, көпбейінді оқытудың талаптарын орындай алатын жаңа білім кеңістігін құру.
Осыған орай мектебімізде биылғы 2015-2016 оқу жылында даму стратегиясы жасалды.
Мектептің даму стратегиясы барлық мектептерге ортақ ҚР-ң Конституциясына, ҚР-ң заңына, білім стандартына, ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаулары, 2014ж.17 қаңтар, Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. «Мәңгілік ел идеясы»,Ұлт жоспары - «100 нақты қадам», т.б. құжаттарға негізделген.
Мақсаты: Оқушылар мен тәрбиеленушілерге олардың білім қажеттіліктеріне сай барлық деңгейде білім сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Сапалы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алу мүмкіндігін қамтамасыз ету, кеңейту.
2. Оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану.
3. Сапалы білім беру мақсатында зерттеу және жобалау білім беру ресурстарын нығайту.
4. Гимназия сыныптарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Миссиясы: Оқушыларды ең тиімді білім ресурстарына қолжетімді етіп, мектептің кадрлық , ғылыми-әдістемелік және материалды-техникалық әлеуетін жетілдіру.