Размер шрифта:

«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында іс-шара өткендегі ақпар

Дата: 2016-04-14 09:49:10
«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» тақырыбында іс-шара өткендегі ақпар

«С.Сейфулин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ бойынша

«Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі»

тақырыбында іс-шара өткендегі ақпар

 

1-10.04.2016жылы аралығында аталмыш мектебімізде «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» он күндігі ұйымдастырылды.

01.04.2016ж. күні «Дұрыс тамақтану –денсаулық кепілі» онкүндіктің іс-шаралар жоспары бекітілді.

02.04.2016ж. күні «Дұрыс тамақтану – болашақ ұлтымыздың кепілі!» тақырыбында стенд жасалып, бұрыш  ұйымдастырылды.

04.04.2016ж.күні оқушылардың  тамақтануының дұрыс ұйымдастырылғанын бақылау және оқушылардан сұхбат алу  мақсатында әлеуметтік педагог Р.Т. Рахимова директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Қ. Қазкенова мектеп медбибісі Г.А. Садуақас және аға тәлімгер А.М. Саменованың қатысуымен бақылау жүргізілді.

02.04.2016ж.күні 7-9 сынып оқушыларының арасында «Дұрыс тамақтанабілеміз бе?»атты тақырыбында слаид-фильм көрсетіле отырып,әңгіме жүргізілді.

Бұл фильм оқушыларға:

-         Тамақтану тәртібі

-         Тамақтанудың негізгі ережелері

-         Тамақтану процесінің принциптері

-         Тамақтану сауаттылығының бес негізі

-         Тәбет

-         Тамақтану пирамидасы

-         Калориялар

-         Дұрыс тамақтану – барлық диетадан артық

бөлімдерімен түсіндіріле отырылып,таныстырылды.

04.04.2016ж.күні 8 сыныптарарасында«Дұрыс тамақтану денсаулықкепілі» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың жақсы денсаулығының, жан - жақты дамуының кепілдігі - тиімді және үйлесімді тамақтану болып саналатынын, «Салауатты өмір салтының» анықтамасын бірлесе отырып тұжырымдау; 

Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулықты күтуге,дұрыс тамақтана білуге тәрбиелеу.  

-Оқушылардың дұрыс тамақтануының негізгі принциптерін; 
-Тамақтану сауаттылығының бес негізін; 
-Тамақтану тәртібін, тамақтану мәдениетін; 
- «Салауатты өмір» салтына қатысты негіздеулерді тұжырымдау,ортақ ой түю. 

Сабақтың барысы:Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық - денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет. 
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет. 

05.04.2016ж.күні 1-11 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану керек па?» атты сауалнама алынды.

Сонымен қатар солкүні мектеп әлеуметтік педагог пен сынып жетекшілердің ұйымдастырылуымен «Оқушылардың дұрыс тамақтануы»тақырыбында кез келген оқушылардан сауалнама алынып, мониторинг жүргізілді.

06.04.2016ж.күні мектеп оқушылары мен ата-аналары бірігіп қатыстырылған «Балаларға сағыз зиян емес пе?» тақырыбында пікір талас өткізілді.

  07.04.2016ж.күні  10-11 сыныптар арасында «Оқушының дұрыс тамақтануы- жаңа оқу жылындағы жетістіктердің негізі» тақырыбында диспут өткізілді. Онда оқушылар дөңгелек стол басына жиналып өз ойларын ашық білдіре отырып, бір біріне де ақыл кеңес берді.

-Дәріге емес, дәруменге үйір бол

-ақуыздар;

-майлар;

-көмірсулар:

-дәрумендер мен минералдар: Дәрумен А ,дәрумен С, дәрумен Е, дәрумен В, алма, апельсин, орамжапырақ, банан, қызылша,

-сүт тағамдары,

-зиянды тағамдары;

08.04.2016ж. күні аға тәлімгер А.М. Саменова мен әлеуметтік педагог Р.Т. Рахимова  және мектеп медбикесі Г.Н. Исламова сынып бөлмелерінде оқушыларға дәрумендер пирамидасы туралы, сонымен қатар денсаулыққа зиян тигізетін тағамдар туралы жадынамалар таратып, ақпараттар берілді және осы тақырыпта 7-8 сыныптар арасында үгіт-насихат топтары құрылып, жарыс өткізілді.

09.04.2016ж.күні 1-4 сыныптар арасында«Сіз күнделікті жейтін асыңыз туралы ойландыңыз ба?»өмірден алынған жағдаяттартуралы бейнеролик көрсетіліп, әңгіме жүргізілді.

Автор: №7 МГ