ЭКСПО-2017 үшін үздік тәжірибелерді іріктеу басталды
02.02.2016 ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің «Үздік тәжірибелер аймағы» павильоны үшін ең үздік тәжірибелерді іріктеу басталды. «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында баламалы қуат көзін алу саласындағы жүзеге асырылған түрлі технологиялар мен жобалар көрсетілетін болады.
Іріктеуді Халықаралық іріктеу комиссиясы жүзеге асырады.
Халықаралық іріктеу комиссиясының құрамында Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут, Халықаралық эксперименттік термоядорлық реактор (ITER) ұйымының бас директоры Бернар Биго, Энергетика және пайдалы қазбалар бағытының директоры Чарльз Файнстайн, Энергия мен ресурстар институтының (TERI) бас директоры Раджендра Пачаури және т.б. бар.
«Үздік тәжірибелер аймағы» (eBPa) Болашақ Энергиясы форумының идеясымен үндес. Ол Энергетика саласындағы үздік жобалар мен технологияларды көрсетуге арналған.
eBPa аймағы – көрменің орталығы, онда қуат көзін алу, сақтау, шығарудағы үздік жобалар, климаттың өзгеруіне қатысты күрес немесе дамушы мемлекеттердің қуат көздеріне қолжетімділігі деген сияқты мәселелер ұсынылады.
Сонымен қатар, eBPa аймағы қатысушыларға энергетика саласындағы үздік жетістіктерді көрсетіп қана қоймай, тәжірие алмасу, пікір бөлісу аймағына айналуы жоспарланған.
Баламалы қуат көздерін пайдалануда жүзіге асырылған жобалары немесе технологиялары бар ғалымдар, зерттеушілер, ізденушілер тобы немесе компания өкілдері осы конкурсқбайқауға қатысу үшін өтінім бере алады. Байқауға қатысты толығырақ ақпаратты http://www.ebpa2017.org/ebpa сайтынан ала аласыздар.