Винчецо Нибали және Фабио Ару ЭКСПО-2017-нің құрметті елшілеріне айналды

Дата: 2016-03-19 03:45:34
Винчецо Нибали және Фабио Ару ЭКСПО-2017-нің құрметті елшілеріне айналды

12.12.2015 «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ мен «AstanaProTeam» велокомандасы арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов «AstanaProTeam» велокомандасының әлемдік спорт рейтингінде көшбасшылық орынға бекем орныққанын және Қазақстанның танымал брендтерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Көрмені ең биік деңгейде дайындау және өткізу міндетін қойып отыр. Сол үшін біз ЭКСПО-2017-ні халықаралық ілгерілету бойынша ауқымды жұмыс жүргізудеміз. Меморандумға сәйкес, ЭКСПО-2017 логотипі біздің «AstanaProTeam» велокомандамыздың майкасында бейнеленетін болады»,- деді Ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы.

Бұған қоса, Ахметжан Есімов «AstanaProTeam» көшбасшыларына «ЭКСПО-2017 Елшісі» сертификатын табыстады.

«Біз әйгілі қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, спорт және бизнес өкілдеріне берілетін ЭКСПО-2017 Елшілерінің құрметті мәртебесін береміз. Және бүгін осындай сертификаттарды «AstanaProTeam» велошабандоздары – Винченцо Нибали мен Фабио Ару алады», - деді ЭКСПО-2017 басшысы.

Өз кезегінде «AstanaProTeam» Бас менеджері Александр Винокуров велокоманда өз жеңістерімен Қазақстанның даңқын арттырып, ЭКСПО-2017-ні халықаралық деңгейде ілгерілететінін атап өтті.

«Біз ЭКСПО-2017 Көрмесін насихаттайтынымызға қуаныштымыз, оның логотипін біз өз майкамызда мақтанышпен алып жүретін боламыз және future energy идеясын ілгерілетеміз. Велосипед – бұл спорт және экологиялық тұрғыдан таза көлік түрі. Сондықтан Көрме тақырыбы мен велосипед спортының идеясы ортақ», - деді Александр Винокуров.

Велокоманданың бас менеджері Қазақстандағы велосипед спортын көпшілікке таратып отырғаны үшін Ахметжан Есімовке алғысын білдірді.

Меморандумға сәйкес, тараптар ЭКСПО-2017 көрмесін ел ішінде және шет елдерде ілгерілету, Көрмені ақпараттық қолдау мақсатында ұйымдастырылатын бірлескен іс-шараларға қатысу, велокоманда мүшелерінің нысандық киімдері мен автокөліктерін ЭКСПО-2017 логотипімен брендтеу сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниетті. Бұған қоса, Көрме ұйымдастырушылары мен велокоманда ынтымақтастық салалары бойынша өзара консультациялық, ақпараттық-сараптамалық қолдауды қамтамасыз ету, сондай-ақ Көрменің «Болашақтың энергиясы» деп аталатын тақырыбын танымалдандыру бойынша жұмыстарды жүргізетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, «AstanaProTeam» велокомандасы Елбасының бастамасы бойынша құрылған болатын. Келер жылы ол өзінің 10 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде велокоманда кезеңдерде 199 рет, гранд-турларда 7 рет жеңіске жетті.

  

Автор: №7 МГ