«Астана ЭКСПО-2017» және «Росатом – Международная Cеть» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Дата: 2016-03-19 03:25:11
«Астана ЭКСПО-2017» және «Росатом – Международная Cеть» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы «Росатом – Международная Cеть» Атом энергоөнеркәсіптік кешенінің халықаралық өңірлік желісімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

3 желтоқсанда «Астана ЭКСПО-2017» ҰК және «Росатом – Международная Cеть» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, осы меморандум аясында алдағы ынтымақтастық пішімін белгілеу үшін және серіктес артықшылықтарын ұсынатын және тиісті мәртебесі бар серіктес санатын беру үшін жұмыс тобы құрылатын болады.

Салтанатты қол қою рәсіміне «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов және «Росатом – Международная Cеть» кешенінің Президенті Александр Мертен қатысты.

«Елбасымыз ұлттық компаниялардың да, ұлтаралық компаниялардың да әлеуетін пайдалану қажеттілігіне ерекше көңіл аударды. Аса ірі халықаралық компаниялармен ынтымақтастықты орнату ЭКСПО-2017 басты міндеттерінің бірі болып табылады. Арамыздағы меморандумға қол қою бүгінгі таңда өзара тиімді ынтымақтастық үшін тұғырнама құруға, ЭКСПО-2017 көрмесі ең жоғары деңгейде өтетініне одан сенімдірек болуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деді А.Есімов.

«Росатом - Международная сеть» Президенті Александр Мертен өз кезегінде «Меморандумға қол қою – «Астана ЭКСПО-2017» компаниясымен бірлесіп жұмыс істей бастағанымыз. Біз өз брендтерімізді - «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің брендін бірінші кезекте мемлекеттік корпорацияның шетел өкілдіктер желісі арқылы және Росатом брендін Көрмені дайындау және өткізу кезінде ілгерілетудің бірлескен жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз» - деп атап айтты.

Тараптар ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.

    

Автор: №7 МГ