«Болашақ Энергиясы» 2015 Форумы – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және болашақ энергиясы»
2015 жылғы 9 желтоқсанда Париждегі ЮНЕКСО-ның штаб-пәтерінде Назарбаев Университеті және «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының ұйымдастыруымен «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес және болашақ энергиясы» тақырыбына арналған «Болашақ Энергиясы» 2015 Халықаралық Форумы өтеді.
Форум энергетика және орнықты даму саласындағы әлемдік озық тәжірибелерді кеңінен пайдалануды, «таза» энергия көздерін дамыту саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктерді ынталандыруды көздейді.
«Болашақ Энергиясы» Форумы – ЭКСПО-2017 көрмесінің ең айтулы оқиғаларының бірі болады. Көрме және Форум шеңберінде қазіргі заманғы энергетика саласының стратегиялық даму басымдықтары айқындалып, энергетиканың және тұрақты дамудың жаңа ғаламдық моделі жан-жақты талқыланады.
Форумға қатысушылар – саяси және мемлекет қайраткерлері, үкіметтік құрылымдардың, халықаралық ұйымдардың, индустрия мен ғылыми орта өкілдері – өз пікірлерін ортаға салып, заманауи энергия көздеріне қол жетімділікті, энергия тиімділігін, энергетикалық қауіпсіздік пен орнықты дамуды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз ойларымен бөліседі. Қатысушыларға энергияға қол жетімділікті, жаңартылатын энергия көздерін кеңінен пайдалануды және энергиялық тиімді өмір салтын қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық құжаттар, стратегиялар, тұжырымдамалар мен технологиялар таныстырылатын болады.
Іс-шара Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ негізгі конвенциясы тараптарының 21-ші конференциясы (СОР21) өтетін кезеңде ұйымдастырылады. Ол 30 қарашада өз жұмысын бастады және 11 желтоқсанға дейін жалғасады. Климаттың өзгеруі мәселесіне арналған ең үлкен пікірталас алаңдарының бірі болып табылатын COP21 конференциясына 195 елден 40 мыңнан астам өкіл қатысуда. Аталған конференцияда жер-жаһанда температураның 2°C-тан асуына жол бермеу жөнінде міндеттеме алуды көздейтін жаңа халықаралық келісімге қол қою көзделуде.
«Болашақ Энергиясы» Форумының негзгі мәселелерінің бірі: энергияға сұраныс күн сайын артып отырған қазіргі жағдайда климаттың өзгеруіне қарсы күресте және барынша өзекті энергетикалық сын-қатарлерді шешу үшін қандай шаралар жасалуда?
Бұл ретте талқылауға арналған негізгі мәселелер – көміртегі төмен энергетикалық технологиялар, таза энергетика, енгізілген таңдаулы техникалық және экономикалық шешімдер, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және эенергияның қайта жаңартылатын көздерін ілгерілету саласындағы таңдаулы практикалар.
Форум жұмысының нәтижелері ЭКСПО-2017 Көрмесін өткізу кезеңінде «Болашақ Энергиясы» Форумында түпкілікті қалыптастырылатын және қабылданатын Құндылықтар мен қағидаттар манифесі мазмұнының құрылымы мен жобасын әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.