«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстары әкімдіктерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды.
2015 жылдың 2 желтоқсанында Ақтөбеде «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен батыс аймағының төрт облысының арасында Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-ның мердігер компаниялары жергілікті тауар өндірушілермен жалпы құны 10 млрд. теңге шамасындағы 8 тауар жеткізу туралы келісімшартқа және 3 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жұмыстар 2016 жылы жүзеге асырылады. Батыс аймағының кәсіпорындары еліміздің бас құрылысына сапалы материалдармен өз өнімдерін жеткізбек. Бұл қазақстандық кәсіпкерлер үшін шынайы қаржылық буферқызметін атқарады.
«Мемлекет басшысы отандық өндірушілердің өнімдерін барынша пайдалануды тапсырды. Бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін біз ЭКСПО нысандары құрылысында қазақстандық құрамды көтеру үшін меморандумдарға қол қоямыз. Осындай жұмыстардың нәтижесінде кәсіпорындар тапсырыстармен қамтамасыз етіледі, жұмыс орындары сақталады, отандық өндіріс дамиды» деді Ахметжан Есімов бизнес өкілдері алдында сөйлеген сөзінде.
Ұлттық компания басқармасының төрағасы ЭКСПО-ны өткізуден тиімділік мысалы ретінде Миланда өткен көрмені атап өтті, онда оған дайындық және өткізу кезеңінде 295 мың жұмыс орны құрылды, ал тауарлар мен қызметтер экспорты 10 млрд евроға ұлғайды.
Бердібек Сапарбаев баяндамасында облыста «ЭКСПО-2017» үшін дайындық жұмыстарының белсенді түрде жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Мысалы, Ақтөбе облысы энергетика министрлігіне ұлттық павильонға қою үшін 12 инновациялық жоба ұсынады.
ЭКСПО-ның бас мердігерлері Ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар мен нақты келісімшарттарға қол қоя отырып, әлеуетті өнім жеткізуші фирмалармен болашақта жүргізетін іскерлік әріптестіктерін бекітті.
Еліміздің батысында көптеген мәдени және экологиялық туризмнің нысандары орналасқан. Шетелдік меймандарға ұсынылатын турпакеттерге Шопан ата кесенесін, Бекет атаның жерасты мешітін және т.б. тарихи орындарды зиярат етуді қосуға болады. Ақтөбелік туристік фирмалар түрлі бағыттар бойынша 60-тан аса туристік маршрут дайындады.
Іске қосылған «Recommended by EXPO» бағдарламасы бойынша,«Dastan Hotels», «Holiday Inn Актау», «Шагала», «Renaissance hotel Актау» қонақ үйлері эксклюзивті сапа белгілеріне лайық деп танылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысынан 100 адам ЭКСПО-2017-нің еріктілер қозғалысына тартылмақшы. Қазірдің өзінде көрмелер үшін қажет 30 ерікті келесі жылы тағы 70 адамның дайындалуы жоспарланып отыр. Көрме кезінде жұмыс жасайтын 3000 адамның тең жартысы Астанадан болса, қалған жартысы Қазақстанның басқа аймақтарынан келеді. Айта кетерлігі, Халықаралық көрмеге Ақтөбе облысынан 100 мыңнан астам тұрғын қатысады деп жоспарланып отыр.