ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық барысы жөнінде Халықаралық көрме бюросының Бас Ассамблеясында есеп берілді
2015 жылдың 25 қарашасында Парижде ХКБ Бас Ассамблеясының 158-ші сессиясы өтіп, оған комиссар Рапиль Жошыбаев және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов басшылығымен қазақстандық делегация қатысты.
Мәжілісте ЭКСПО-2017-ге дайындалу барысы туралы есептер тыңдалды. «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы А.Есімов сөйлеген сөзінде Көрме кешенін салу жұмыстарының мәртебесі туралы, Көрменің мазмұнды бөлігі туралы, демеушілерді тарту, туризмді дамыту және Көрмені ілгерілету жөнінде айтып берді.
Басқарма Төрағасы бүгінгі таңда 54 ел мен 11 халықаралық ұйым қатысуын растағанын, халықаралық павильондар секцияларының 29 комиссары тағайындалғандығын нақтылады. ҚР Үкіметі және ХКБ арасындағы SeeAgreement шартына қол қойылды.
Көрмеге оны өткізудің бүкіл мерзімі ішінде (3 ай) 2,1 миллион адам қатысуы жоспарланған. Олардың 85%-ы – ҚР азаматтары және 15% - шетел азаматтары болады деп күтілуде. Халықаралық туроператорлармен: Skyway International Travels, STIC TravelGroup және CITS келісімшарттар жасалды.
Көрме кешенінің құрылысы 2014 жылдың 24 сәуірінде басталды және кестеге сәйкес үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Ұйымдастырушы кеңсесі пайдалануға дайын болады.
Тұжырымдамаға сәйкес, Ұлттық павильон «Сфера» нысанының төменгі тұсында орналасатын болады, бүгінгі таңда құрылыс конструкциясының 60%-ы аяқталды. Халықаралық және тақырыптық павильондарды салу бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Сондай-ақ үздік практикалар аймағы қарастырылған.
ХКБ жобаны іске асыру барысына тұрақты бақылау жүргізіп отырады, ал ЭКСПО өткізетін ел ХКБ ережелері бойынша жылына екі рет ағымдағы жұмыстардың мәртебесі туралы есеп беріп отырады.