Қазақстан ЭКСПО-2017 үшін халықаралық қатысушыларды тартуда
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірге, 149 елге және 38 халықаралық ұйымға шақырулар дайындалып, жіберілді.
Өткізілген іс-шаралардың қорытындылары бойынша 54 елден және 11 халықаралық ұйымнан қатысу туралы ресми растау хаттары алынды.
29 секция комиссары тағайындалды (Әзірбайжан, Армения, Вануату, Габон, Гондурас, Гренада, Куба, Маршалл аралдары, Франция, Қырғызстан, Түркменстан, Либерия, Сенегал, Сьерра-Леоне, Мадагаскар, Тувалу, Боливия, Беларусь, Науру, Германия, Швейцария, БАЭ, Ұлыбритания, Фиджи, Монғолия, Ресей, Иран, Үндістан және ЭСКАТО халықаралық ұйымы). Растаған елдердің тізімінен Секция комиссарларын тағайындауды жылдамдату туралы келіссөз жүргізілуде.
Қазіргі кезде 12 қатысу шартына қол қойылды (Либерия, Мадагаскар, Қырғызстан, Науру, Маршалл аралдары, Габон, Сенегал, БАЭ, Сьерра-Леоне, Ұлыбритания, Франция және Иран). Қатысу шарттары барлық тағайындалған Комиссарларға да жолданды. Осыдан басқа, Швейцария, Куба және Вануату комиссарларымен шарттар қол қойылуға дайындалуда.
2015 жылдың 5 қарашасында Париж қаласында Елбасының іссапары аясында ҚР Үкіметі және ХКБ арасында See Agreement шартына қол қойылды.