Балалар үшін интернетте қандай қауіптер жасырынған
Порнография, зорлық-зомбылықты насихаттау, экстремизм, агрессия, кибербуллинг, киднеппинг.Өкінішке орай, бұлар Интернетте өте көп. Әлеуметтік желілер, форумдар, чаттар – бұлардың барлығы бала психикасына орны толмас зиян тигізетін осыларға ұқсас ақпараттарды миына құяды.
Сіздің балаңыз интернетте кімдермен қарым-қатынас жасайтынын біліп отырыңыз, өз балаңыздың байланыс жасайтын адамдарының тізімін тексеріп, олардың әрқайсысын жеке танитындығына көз жеткізуіңіз қажет.
Жеке бас туралы ақпараттарды (телефон нөмірі, үйдің мекен-жайы, мектептің атау/нөмірі және т.б.) интернетте жарияламау керектігін, интернеттегі таныстарға өз фотосуреттерін жібермеуді балаңызға түсіндіргеніңіз жөн;
Егер бала жасы өзінен үлкен адамдармен қарым-қатынас жасайтын болса, ол туралы әңгімелесу қажет;
Өз балаңызға онлайн-таныстармен сіздің рұқсатыңызсыз немесе ересектердің бақылауынсыз кездесуге тыйым салыңыз. Егер бала жаңа интернет-танысымен кездескісі келетін болса, бұл кездесуге онымен бірге баруға көндіруіңіз қажет;
Балаңыздың қайда және кімдермен барып жүргенін сұрастырып отырыңыз;
Балаңызды Желіні пайдаланудағы басты ережелермен таныстырыңыз:
Виртуалды таныстармен жеке ақпараттарды бөлісуге болмайды, олармен тек ата-анасының бақылауында ғана кездесуге болады.
Егер интернеттегі қарым-қатынас жағымсыз болатын болса – мұндай қарым-қатынасты үзген дұрыс және қайта жаңғыртпау керек.
Қолдану уақытын және қандай қызмет көрсеткенін білдіретін есеп.
Интернетте қаралған қосымшалар тізімі, оны қолдану уақыты, қоңыраулар саны, хабарламалар саны, онлайн режимінде қандай сайттарды ашқандығы көрініп тұрады. Ата-аналар құралды қолдану ережесін нақтылау үшін осы есептерді пайдалана алады.
Қосымшаларды блокқа қою / Ойнау уақытын шектеу
Егер балаңыздың күні бойы интернетте ойнайтындығына мазалансаңыз, күндізгі ойын уақыты лимитін қойып қойыңыз. Сонымен сіз балаңызға басқа пайдалы заттармен айналысу мүмкіндігін бересіз. Осылай қажетсіз қосымшалар мен ойындарға қосылу мүмкіндігіне толықтай тыйым саласыз.
Сайтқа блок қою(қауіпсізинтернет)
Балаңыздың интернет желісінде қауіпсіз болуына көмектесу үшін сіз зиянды (үлкен адамдарға арналған немесе құмар ойындар сайты) сайттарға кіруге тыйым сала аласыз. MobileFence жүйесі күніне бірнеше мыңдаған сайттарға сараптама жасап жүйелейді және жалпы базаға қосады.
Қолдану уақытын жоспарлау
Балаңыздың интернетте түрлі ойындар ойнап, отырып алуын тежеу үшін алдын-ала апта бойында интернетті пайдаланатын мезгілін анықтап алыңыз. Сонымен бірге сіз ойындарға да , басқа да өзіңіз қажет деп санамайтын функцияларға да блок қойып және кез келген пайдалану уақытын шектеп қоя аласыз.
Геоограда
Алдын ала белгіленген аймақтан балаңыз шыққан уақытта, яғни, мектептен, секциядан ,т.с.с. шыққан кезде немесе кірген кезінде автоматты түрде сіз балаңыздың шыққандығы немесе кіргендігі туралы хабарлама алу арқылы балаңыздың қауіпсіз екендігін біліп отырасыз.
Үш жай қадамды орындаңыз:
1. MobileFenceқосымшасын балаңыздың ұялы телефонына орнатып беріңіз.
2. Ата-ана ретінде тіркеліп, жүйеге кіріңіз.
3. Балаңыздың құралынMobileFenceжүйесінебіріктіріңіз.
Дайын!Енді сіз Ата-ана режимінде балаңыз үшін құралмен жұмыс істеу режимі мен параметрлерін қоя аласыз.
Құрметті ата-аналар!
"Балаларыңызға арналған қауіпсіз интернет" қызметі туралы хабарлаймыз.
Бұл балаларыңызға арналған жаңа, қауіпсіз интернет қызметі.
Балаларыңызға арналған жаңа, қауіпсіз интернет қызметі.
Үстеме қосымшаларды орнатпай-ақ, cabinet.idport.kz жеке кабинетінен оңай қосылу.
Үш деңгейлі қорғау: 7 жасқа дейін, 7 жастан 12 жасқа дейін, 12 жастан жоғары.
Қалай қосылуға болады?
cabinet.idport.kz жеке кабинетіне кіріңіз.
"Қызметті басқару" →Megalaine/ ID Net қосымша бетін таңдаңыз.
Қосу түймешігін басыңыз.
Уақытты шектеу кестесін жасаңыз.
Теңшеуді сақтап, қызметті пайдаланыңыз.
Megalaine/ ID Net барлық абонеттері ушін айына 200 теңге.
"Ата-ана бақылауы" балаларыңызды қажетсіз ақпараттан қорғайды!