8 наурыз мерекесіне орай мектеп ұжымның әйел қауымын құттықтау
Дата: 2015-12-02 03:28:37
Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – Ананы ардақтамайтын халық жоқ. Нәресте өмірінің нәрі –ана сүті. Халықтың рухы, жаны, тарихы, арман үміті болып табылатын тілдің де басқаша емес «ана тіл» деп аталуы тегін емес. Бұл – ұлттың тілі, ғұрып – салты, дәстүрі, тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жас ұрпақ бойына ана сүтімен дариды деген сөз.
Құрметті, ханымдар мен ханшайымдарСіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.