«Казкоммерцбанк» АҚ ЭКСПО-2017-нің Серіктесіне – ресми Банкіне айналды
17.11.2015
«Казкоммерцбанк» «ЭКСПО-2017 Серіктесі – Ресми Банкі» айрықша мәртебесімен көрменің жаһандық серіктесіне айналды.
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК және «Казкоммерцбанк» АҚ ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды және банк «Ресми Банк – Көрменің серіктесі» айрықша мәртебесіне ие болды. Меморандумға «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Казкоммерцбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Мағжан Әуезов қол қойды.
«Қазақстандық аса ірі банкпен серіктестік қарым-қатынас орнату ЭКСПО-2017-ге дайындықтың негізгі кезеңдерінің бірі болып табылады. Біз бүгін аймақтық деңгейдегі бәсекелестері үшін сапа стандарттарын беретін, Қазақстанның аса ірі компанияларының бірімен кезекті меморандумға қол қойғанымызға өте қуаныштымыз», - деп атап өтті «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» Басқарма Төрағасы А. Есімов.
Меморандум аясында, Казкоммерцбанк ақша салымын ұсынып, ЭКСПО-2017 аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау бойынша инфрақұрылым жасайды. Бұған қоса, кіру билеттерін банктің төлем жүйесі, сондай-ақ филиалдық бөлімшелер желісі арқылы он-лайн өткізу, көрмеде қолма-қол ақшасыз төлемдер жасау мүмкіндігін және ЭКСПО-2017 ниеттестік жүйесін қамтитын бірлескен банктік айрықша өнімдерді жасау жоспарлануда.
«Банкке ұлттық масштабтағы және маңызы орасан зор жобаның серіктесі болу құрметі бұйырды. Көрме тақырыбы бүгінде тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де өзекті. Ол біз үшін, инновациялық технологияларды дамытушы банк үшін өте жақын, және біз көрменің негізгі идеясын дамытуға жігерлене кіріспекпіз», - деді Казкоммерцбанк Басқарма Төрағасы Мағжан Әуезов.
Банк инфрақұрылымының және оның филиалдық желісінің көмегімен осындай ірі ұлттық жобаны ілгерілету «Казкоммерцбанк» АҚ ашылған ұлттық және халықаралық деңгейлердегі барлық аймақтарда мүмкін болмақ.
Казкоммерцбанк клиенттерінің күн сайын әлемнің 100-ден астам елінде бір уақытта төлемдер жасайтынын ескере отырып, ЭКСПО 2017 бейнелемесі сол елдерде банктің пластик карталары арқылы ілгері басатын болады.
Бұған қоса, ЭКСПО-2017 логотипі және көрме туралы ақпараттық материалдар банкоматтардың экрандарына, есептік-кассалық бөлімшелерде және банктің барлық ақпараттық-жарнамалық өнімдерінде орналастырылатын болады.
Қазіргі уақытта көрмені ілгері бастырудың бірлескен жоспары әзірленуде.