Болгария мен Түркия Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытып отыр

Дата: 2015-11-26 04:37:27
Болгария мен Түркия Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесіне қызығушылық танытып отыр

10.11.2015

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Болгария Республикасының Халықтық Жиын Төрайымы Цецка Цачева және Қазақстан Республикасындағы Болгарияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Василий Петков басқарған болгарлық делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында құрамында Болгарияның халық қалаулылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар делегация ЭКСПО-2017 жобасын кеңінен талқылап, құрылыс барысымен, көрменің мақсат-міндеттерімен танысып өтті.

«ЭКСПО-2017 «Болашақ Энергиясы» тақырыбы бүгінгі таңда уақытылы әрі ерекше өзекті. Өйткені, бүкіл әлем алдында баламалы энерготиімділік пен баламалы энергия көздерін пайдалану маңызды», - деді Болгария Республикасының Халықтық Жиын Төрайымы Цецка Цачева.

«Қазірдің өзінде балаламы энергия көздерін белсенді пайдаланып жатқан мемлекеттер бар. Мысалы, Ұлыбритания баламалы энергия көздерін 19%, Коста-Рика тіпті бұл көрсеткіш 90% пайдаланады», - деді Ахметжан Есімов.

Өз кезегінде, Ахметжан Есімов қазіргі таңда көрмеге қатысуын 51 елдің, 11 халықаралық мемлекеттің ресми растағандығы туралы және бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 халықаралық қызығушылықтың зор екендігін айтты.

Сонымен қатар, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов Қазақстан Республикасындағы Түркия мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Уянык Невзат және Қазақстан Республикасындағы Түркия Елшілігінің Сауда мәселесі бойынша кеңесшісі Гюнер Сертачпен кездесті.

«Біз үшін Түркияның ЭКСПО-ға қатысатындығын ресми растағандығы ерекше маңызды. Ендігі әрі қарай жұмысты тиіді жүргізу үшін бас комиссардың тағайындауын күтеміз», - деді Ахметжан Есімов.

Сондай-ақ, жақтар ЭКСПО аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

  

Автор: №7 МГ