Размер шрифта:

Іс-шара: «Медициналық зертхананың бір күні» 2026 жылдың 19 ақпан күні сағат 11:20-да Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру мақсатында айтулы шара өтті.

Дата: 2026-02-22 20:40:07
Іс-шара: «Медициналық зертхананың бір күні» 2026 жылдың 19 ақпан күні сағат 11:20-да Сәкен Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру мақсатында айтулы шара өтті.
ШЖҚ «Балқаш қаласының жоғары медициналық колледжі» КМҚ ұйымдастыруымен өткен бұл жиын «Лабораториялық диагностика» мамандығын таныстыруға арналды.
Шараның барысы мен негізгі бағыттары:
 * Мамандық таныстырылымы: Оқушыларға «Медициналық зертхананың бір күні» атты презентация көрсетіліп, зертханалық диагностика маманының жұмыс ерекшеліктері мен маңыздылығы түсіндірілді.
 * «Шырша – 2026» акциясы: Кәсіптік бағдар берумен қатар, экологиялық және әлеуметтік маңызы бар «Шырша – 2026» акциясы аясында ақпарат беріліп, болашақ мамандарды табиғатты аялауға шақыру жұмыстары жүргізілді.
Автор: №7 МГ