Размер шрифта:

26 қыркүйек күні Қарағанды облысы әкімдігіне қарасты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Балқаш қаласының медициналық колледжі «Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл шараға “С.Сейфуллин атын

Дата: 2026-02-22 19:30:09

26 қыркүйек күні Қарағанды облысы әкімдігіне қарасты Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы мен Балқаш қаласының медициналық колледжі «Дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі» тақырыбында кездесу өткізді.
Бұл шараға “С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы” КММ 9 Д оқушылары қатысып, мамандық таңдаудың маңызы, денсаулық сақтау саласының мүмкіншіліктері мен медициналық колледждің оқу бағдарламалары туралы ақпарат алды. Кездесуде колледждің оқытушылары мен тәжірибелі мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Оқушылар үшін кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықтарын таңдау жөнінде түсінік қалыптастыру мақсатында өткізілген бұл шара, жастардың денсаулық сақтау саласына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Автор: №7 МГ