Қазақтың талантты жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ілияс Есенберлин - ұлы даланың даңқты ұлы» атты тақырыпта 8А сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті.
Дата: 2025-01-13 11:13:53
Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға жазушы жайлы ақпарат беріп, кітаптарымен таныстырды. Сонымен қатар оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға ойындар арқылы жауап беріп, ой-пікірлерімен бөлісті.