«Алаштың ардақтысы - Сәкен Сейфуллин» кітапхана сағаты

Дата: 2024-10-21 17:33:23
«Алаштың ардақтысы - Сәкен Сейфуллин» кітапхана сағаты
       Қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған «Алаштың ардақтысы - Сәкен Сейфуллин » атты тақырыпта  4 Б сынып оқушыларымен кітапхана сағаты өтті. 
      Мақсаты: Жас ұрпақты еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларын оқып білуге баулу,  ақынның өз заманындағы саяси - қоғамдық көзқарасын таныту, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.
      Іс-шара барысында кітапханашы оқушыларға Сәкен Сейфуллин жайлы ақпарат беріп, бейнебаян арқылы мұражайына саяхат жасалды. Ақынның өмірі мен шығармашылығынан ойындар ойнатылды. Сондай-ақ оқушылар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.  
      Шара соңында оқушылар кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеге ақынның кітаптары, ғалымдардың зерттеулері мен мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары қойылды.
Автор: №7 МГ