Бүгін 03.02.23ж. күні Әдістемелік оқу орталығының ұйымдастыруымен «Электронды сигареттің зияны» туралы облыстық вебинар өтіп 8-10 сынып оқушылары қатысты.Вебинар өте жақсы және нақты дәлелдермен керекті мәліметтерді бере отырып,оқушылар саналы түрде мағлұ
Бүгін 03.02.23ж. күні Әдістемелік оқу орталығының ұйымдастыруымен «Электронды сигареттің зияны» туралы облыстық вебинар өтіп 8-10 сынып оқушылары қатысты.Вебинар өте жақсы және нақты дәлелдермен керекті мәліметтерді бере отырып,оқушылар саналы түрде мағлұмат алды. Темекі жанғанда 7000 зиянды затқа дейін, олардың ішінде полоний, мышьяк, висмут, аммиак, қорғасын, қышқылдар және басқа да ұнамсыз заттар, ауаға (сәйкесінше, ағзаға түседі) бөлінеді. Шылым шегу тамыр созылғыштығына әсер етеді, демек жүрекке деген жүктеме артады. Оған қоса – тромбтардың (ұйыған қан), асқазан жарасы, түрлі ағзалардың қатерлі ісігі пайда болу қауіпі бар, қысқасы, жақсылық күтпеңіз. Темекі шегушілер ашуланшақ болады, олардың ұйқысы бұзылады, зейіні нашарлайды. Осы аталғандардың бәрі түтін құрамындағы заттардың әсері бар екенін анық айтылды. Енді осы мәліметтер бойынша сынып сағаттарында әрі қарай оқушылар тарапынан талқыланып,электронды сигаретті тартуға қарсы жұмыстар жүргізілмек.