Размер шрифта:

2023ж.27 қантар күні «С Сейфуллин атындағы № 7 мектеп – гимназиясы» КММ- да 8 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті.

Дата: 2023-02-02 08:42:12
2023ж.27 қантар күні «С Сейфуллин атындағы № 7 мектеп – гимназиясы» КММ- да 
8 "А" сыныбында ата-аналар жиналысы өтті. Сынып жетекшісі : Шарипова Гульнур Баймбетқызы 
Тақырыбы: 
«Адами қарым-қатынас ізгіліктері» 
Мақсаты  
1..  Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың 
балаға тәрбиелік ықпалын арттыру:
2 . Тәрбиенің ең тамаша жері  отбасы екенін, 
олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің 
жоғары екенін, баламен қарым – қатынасты 
жақсарту:
3 .  Бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу.
 
Отбасы - өмірді кемеліне келтіреді, бақыт әкеледі. Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын .... адамның ең басты шаттығы болып саналатын, баланың өсіп, өмір сүретін орны.
Екі адамның некелесуі толық отбасын құрамайды. Дүниеге шыр етіп нәресте келгенде ғана отбасы толық отбасы саналады. Қазіргі таңда ата – ананың бірінші мақсаты – қаражат табу, балаларын еш нәрседен мұқтаж етпеу болып қалды. Бала – шағаның қамымен жүрген ата – ана бала тәрбиесіне де көңіл бөле алмай қалды. Ал бала тәрбиесі  отбасынан басталады, қалыптасады. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші жақсы – жаман әдеттерді бала отбасында үйренеді. Отбасындағы кикілжің ұрыстар баланың психикасына әсер етеді. Баланың мейірімді, еңбекқор, әдепті болып өсуі – отбасында жайлы , жақсы климаттың болуы. Баламыз өмірден өз орнын тауып, бақытты  өмір сүрсін десек, бала тәрбиесіне көңіл бөлуді ешқашан естен шығармайық.
Жиналыс балалармен бірге өтті. Ата-аналармен топтық және жеке дара ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата- аналар мен балалар әр түрлі тренингке қатысты және постер қорғады.
Жиналыс қызықты, ерекше өтті.
Автор: №7 МГ