Мамандық таңдау - болашақты таңдау.

Дата: 2023-02-02 09:38:38
Мамандық таңдау -  болашақты таңдау. 2023 жылдың 26-27 қаңтар аралығында Қарағанды облысы Балқаш қаласының Оқушылар сарайында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандықтар жәрмеңкесі -2023» кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өтті. Іс - шараға 
Қарағанды облысының жоғары оқу орындары соның ішінде А.Сағынов атындағы ҚарТУ, Е.Бөкетов атындағы ҚарУ, Орталық Қазақстан академиясы, Қазтұтынуодағы ҚарУ дан келген мамандар қазіргі сұранысқа ие мамандықтар жайлы айтты. Таңдау пәндері мен ҰБТ, жатақхана мәселесі, әскери кафедра т.б. сұрақтар бойынша ақпараттар берді.
Мектебіміздің  9-11 сынып оқушылары мен ата-аналары қатысып, өз сұрақтарына толықтай жауап ала алды..
Автор: №7 МГ