Мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, тау-кен инженері Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының 110 жыл толуына орай 10 сынып оқушыларымен «Тұғыры биік тұлға» атты дөңгеле

Дата: 2023-01-23 09:55:21
Мектеп  кітапханасында  «Оқуға  құштар  мектеп» жобасы  аясында  аса көрнекті  мемлекет  және қоғам  қайраткері,  ғалым, тау-кен  инженері  Қонаев  Дінмұхамед  Ахметұлының   110 жыл  толуына орай 10 сынып оқушыларымен  «Тұғыры  биік  тұлға»  атты  дөңгелек  үстел  өтті.
    Мақсаты: Ұлы тұлғаның халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету. 
     Шара барысында кітапханашы оқушыларға кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, елдің экономикасы, ғылымы мен ұлттық мәдениетін дамыту ісіне сіңірген еңбегімен таныстырып өтті. Оқушылар ұлы тұлғаның «Өтті дәурен осылай» атты кітабынан алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.
Автор: №7 МГ