Қазақ жазушысы, журналист Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін "Жабайы алма" шығармасына - 50 жыл. Жазушының аталмыш повесі бойынша А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар к

Дата: 2022-11-08 15:53:52

Қазақ жазушысы, журналист Сайын Мұратбековтің соғыс жылдарындағы ауыл өмірі, ауыр тұрмыс, қажырлы еңбек, адалдық пен адамгершілікті сөз ететін "Жабайы алма" шығармасына - 50 жыл. Жазушының аталмыш повесі бойынша А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасында өткен оқырман конференциясына мектебіміздің 8Ә сынып оқушылары қатысты. Сұрапыл соғыс жылдарында қабырғасы қайысқан балалық шақтың ауыр тіршілігі суреттелген шығарма жайлы ой қозғап, пікірлерімен бөлісті. Конференция соңында сертификатпен марапатталды.

Автор: №7 МГ