Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын! Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі. Осы тұрғыда түркі ха

Дата: 2022-09-28 17:12:55
Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын!
Қазақстанда жылда бұл күні қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген ерен еңбектері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан зор үлестерін жоғары бағалап, оларға сый-құрмет көрсетіледі.
Осы тұрғыда түркі халықтарының ортақ білім шаңырағына айналған оқу орнымыздың ардагерлері университетіміздің қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңіз ерекше құрметке лайықты.
Талай жасты тəрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Біз, сіздердің тағылымды, өмірлік тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздер өскелең ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек еттіңіздер.
Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Бізге және өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа сіздердің өмір жолдарыңыз өнеге, еңбек жолдарыңыз үлгі.
Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, береке тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Автор: №7 МГ