Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2022 жылдың 1 мамыр күні басталды. Акцияның мақсаты – жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларғ

Дата: 2022-09-27 10:07:49
Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін республикалық дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2022 жылдың 1 мамыр күні басталды.
        Акцияның мақсаты – жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасылардын шыққан балаларға мектепке дайындалуға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
       Осы аталған іс – шараға байланысты 31 сәуір күні акцияны ұйымдастыру мен өткізу бойынша штат құрылды, мектеп дәлізінде ақпараттық стенд жасалды. Комитеттің мүшесіне 5 адам кірді.
       Ата-ана өтініштерін жедел қарастыру үшін « Сенім» телефоны жұмыс жасайды . 
       Акция логотипі басылған арнайы тарапта қағаздарды, плакаттарды тарату жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілді.
        2 мамырдан бастап Оралова А.А. ата –аналардың өтінішін қабылдап бастады. Мамыр айының 30 күні мектепке жол акциясына 14 оқушыдан өтініш түст. Акция басталғаннан бастап, демеушілік етуге үгіттеу мақсатында сауда орындарына, дүкендерге үндеу парақтары таратылды. Қазіргі таңда акция бойынша тіркелген мектебіміздің 121 оқушысы « Жалпыға білім беру қорынан» бөлінген 37,000 мың теңге көлемінде ақшалай  қамтамасыз етілді.
Автор: №7 МГ