С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ Қамқоршылық кеңесі отырысы №2 хаттама көшірмесі

Дата: 2022-09-27 10:01:52

С.Сейфуллин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы» КММ

Қамқоршылық кеңесі отырысы

№2 хаттама көшірмесі

 

Күні: 09.09.2022ж

Қатысқаны:қамқоршылық кеңестің мүшелері – 9

Күн тәртібінде:

1.Қамқоршылық кеңесінің мүшелерімен және міндеттерімен, құжаттарын және кеңес ережесімен таныстыру.

/Қамқоршылық кеңес төрағасы М.Н. Көшербаев/

2. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында көрсетілген көмек түрлеріне қатысу

/мектептің әлеуметтік педагогы Оралова А.А./

3. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің ісі» тақырыбында

/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимбеков Ш.Р./

4. Мектеп асханасы жұмысының бақылауының қорытындысы

/директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.К.Салыкбаева/

 

Тыңдалды:

Көшербаев М.Н.- қамқоршылар кеңесінің төрағасы

  1. Биылғы оқу жылындағы қамқоршылық кеңес мүшелерімен және олардың міндеттерімен, құжаттарын және кеңес ережесімен таныстырып өтті. Сонымен қатар 2022-2023 оқу жылында мектеп әкімшілігімен бірлесіп атқаратын іс-шара жоспарымен таныстырып өтті. Биылғы оқу жылында ата-аналармен отбасы сағаттарын жиі ұйымдастыруды жоспарға қосқаны туралы айтылды. 

Оралова А.А. – әлеуметтік педагог.

  1. Қазіргі таңда «Жалпыға білім беру қорынан» бөлінген қаражатқа тіркелген 121 баланың әрқайсысы 37000теңгеден алса, демеушілердің көмегімен 14 бала толық киімдерімен және сөмке, оқу-құралдарымен қамтамасыз етілгендігін призентатциямен көрсетіп өтті.

Рахимбеков Ш.Р. -  директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның іске асыру мен білім ұйымдарында ішкі тәртіптік қағидаларының бұзушылығын болдырмау мақсатында құрылған бұйрық аясында сөз алып, жөндеу жүргізу, жиһаз, құрал-жабдық сатып алу, нысандарды тазалау, оқытушылар құрамына сыйлықтар, мерекелік іс-шараларға және тағы да басқа мақсаттар үшін мәжбүрлі түрде қаражат жинауға үзілді-кесілді тыйым салынатындығы жөнінде айтты.

Салыкбаева Ж.К.- директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

  1. Асхананың сыйымдылығына байланысты 1-11 сынып оқушыларының тамақтануына кесте жасалынды, қала бойынша біріңғай ас мәзірі дайындалып бекітілді. Асхана ыдыстары жеткілікті, асханада күрделі жөндеу жұмыстары жүрді. Асханада мұғалімдер тарапынан кезекшілік ұйымдастырылып үнемі бақылауда екендігі айтылды.

 

Шешім:

  1. Республикалық мектепке жол акциясы бойынша барлық көмекті толық таратып, басқада өмірлік қиы жағдайға тап болған, сәтсіздікке ұшыраған отбасы жағдайларын бақылауды әлеуметтік педагог А.А.Ораловаға тапсырылды.
  2. Сыбайлас жемқорлықты болдырмаудағы іс шаралар мен мектеп асханасының жұмысын бақылауды, қамқорлық кеңесімен бірлесе атқаратын іс-шараларды ұйымдастыруды директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ж.К.Салыкбаева мен Ш.Р.Рахимбековке жүктелсін.

 

             Қамқоршылық кеңесі төрағасы                   А.М.Көшербаев

 

             Қамқоршылық кеңесі хатшысы                   Ж.К.Салыкбаева

 

 

 

 

Автор: №7 МГ