Жастар арасында нашақорлық құмарлық пен оны тасымалдау арқылы тарату кең өріс алуда деп дабыл қағып отырған құқық қорғау органдары және білім бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн түрде жіберілген бейнетаспалар мен лекцияларды 5-11сыныптарға көрсете отырып,түс

Дата: 2022-05-17 17:12:36

Жастар арасында нашақорлық құмарлық пен оны тасымалдау арқылы тарату кең өріс алуда деп дабыл қағып отырған құқық қорғау органдары және білім бөлімінің ұйымдастыруымен онлайн түрде жіберілген бейнетаспалар мен лекцияларды 5-11сыныптарға көрсете отырып,түсіндіру жұмыстары жүргізілді.Біздің ортақ мақсатымыз – жасөспірімдер арасында нашақорлықтың таралуына жол бермеу. Балалардың есірткі ортасына түсіп кетпей, оларға дер кезінде қорған болу үшін мінез - құлқындағы психологиялық өзгерістерге баса назар аудару өте маңызды. Бұл құқық қорғау органдары, нарколог дәрігерлер мен мұғалімдердің мәселесі ғана емес. Ата-аналар да жұмылу қажет.Сондықтан Сіз балаңыз қарайтын барлық сайттарды тексеріп, оның достары мен таныстарын, араласатын ортасын білуіңіз керек. Бір сөзбен айтқанда балаңызды қараусыз қалдырмаңыз!

 

Автор: №7 МГ