«Балбөбек» шағын орталығы

Дата: 2014-11-26 09:28:26
«Балбөбек» шағын орталығы

Қазіргі таңда шағын орталықта жас ерекшеліктеріне қарай 3 топ жұмыс жасайды.  2- кіші тобы 3-4 жас аралығында «Балапан», 4-5жас аралығында «Айгөлек», «Балауса» топтары. Осындай жас ерекшеліктерін ескере отырып, гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың ойын, оқу және жатын бөлмелері кіріктіріле жаптықталған 4 топ бөлмелері бар 1 қабатта орналасқан. Онда 66 бала қамтылған. 1 бөлме «Асхана», қалған 3 бөлмелер топтарға арналған.Аталмыш орталықтын жұмыс тәртібі 5 күнге негізделген. Бөбектердің жатын, жуынатын бөлме, сабақ кестесі  және күн тәртібі санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жасалған. Балалар танертен 07.30-дан қабылданып, 18.00-ге дейін тәрбиеленеді. Шағын орталықта Әдіскер, 6 тәрбиеші, психолог, медбибі, 3 тәрбиеші көмекшісі, кір жуушы қызмет атқарады.Танертенгі сағат 8.00-де жаттығулар басталып әрі қарай әр топ өз күн тәртібіне байланысты жұмыстарын жалғастырады.     Ата – аналарды топ өміріне тарту және әртүрлі бірлескен іс - әрекет түрлерін, мерекелер мен сауық кештерін ұйымдастыруға көңіл бөлінеді. Тіпті әр мерекеге байланысты өткізілетін ертеңгіліктерді тек балалармен ғана емес, ата-аналармен де  бірлесе отырып, көңілді  әрі қызықты өткізеді, ата – аналар бұрышында мерекелерде құттықтаулар, ақыл кеңестерберіліп тұрады.Шағын  орталық топтарында ойындармен қоса математика, тіл дамыту, орыс тілі, дене шынықтыру, ән-күй, айналамен таныстыру, жапсыру, сурет салу, құрастыру сияқты сабақтар да жүргізіледі. Математика сабағында санауды үйренсе, тіл дамытуда сөйлеу арқылы тілін дамытады.Сонымен қатар жас мамандаға тәлімгер Елубаева Д.К. ашық таңертеңгілік жаттығу, дене шынықтыру сабағын өткізіп, ақыл кеңестер беріп тұрады.Сонымен қатар тәрбиешілердің  біліктіліктерін арттыру мақсатында апталықтар жариялау қолға алынған. Мыс: математика  апталығында балалардың ақыл- ойын, зейінін дамыту санау, заттар мен цифрдың сәйкестігін табу болса, тәрбиешінің қаншалықты мақсатына жеткендігін талдау арқылы түсінеді. Әріптестерінің сабағына кіру, көру арқылы өзінің қателігін түсініп, салыстырып, өз ойын ортаға салуға үйренеді.

Автор: №7 МГ