10.12.21 күні "С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясы" Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсанында, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына мектеп белсенді және үздік оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өтті. Аға тәлімгер Алтынбек Ақнұр,
Дата: 2021-12-11 10:07:33
10.12.21 күні "С.Сейфуллин атындағы 7 мектеп-гимназиясы" Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсанында, "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына мектеп белсенді және үздік оқушыларын қабылдау салтанатты жиыны өтті. Аға тәлімгер Алтынбек Ақнұр, Парламент Президенті Касимов Батырхан, Ұланбасы Құсылбеков Ердос және Парламент мүшелері оқушыларға "Жас Ұлан" ұйымының галстугы мен төсбелгісін табыстап, оқушылар ант қабылдады. Жиын соңына қарай Парламент Президенті Касимов Батырхан "Жас Ұлан" ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтап, жалынды сөздерін білдірді. Алдағы уақытта Мектеп Парламенті "Жас Ұлан" ұйымының жаңа мүшелерімен жұмыс жасайды.