1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1
Дата: 2021-11-30 15:16:47
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Бұл мерекенің 1 желтоқсан болып таңдалу себебі де ерекше, өткен күндерді еске алатын болсақ, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде қазақ елінің тұнғыш президенті сайланып, ұлт тарихында жаңа өзгерістер бастау алды.
Нұрсұлтан Әбішұлының бастауымен елімізде түрлі іс шаралар, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформалар жүзеге асты. Елбасымыздың кемеңгерлік саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде таныла бастады. Ел іргесі, шекарасы нақтыланды, заңмен бекітіліп жеке Қарулы күштері құрылды. Елбасымыз қазақ халқы үшін аянбай қызмет етті. Сол себепті болар, елбасымыз халық арасында зор құрметке ие.
Осы мерекеге орай мектеп кітапханасы көрме ұйымдастырды. Көрмеге Нұрсұлтан Әбішұлының кітаптары, кемеңгер басшымыз жайлы жазылған еңбектер, халқымызға арналған жолдаулары және т.б. еңбектер қойылды..