01.11.2021ж күні сағат 10.00 де 1-11 сынып жетекшілерімен сынып жетекші сағаты өтті. Сынып жетекші сағаты күн тәртібінде: 1.Күзгі демалыс жоспарымен таныстыру 2. Педагог этикасының қағидаларымен таныстыру Сынып жетекші сағатын директордың тәр
01.11.2021ж күні сағат 10.00 де 1-11 сынып жетекшілерімен сынып жетекші сағаты өтті.
Сынып жетекші сағаты күн тәртібінде:
1.Күзгі демалыс жоспарымен таныстыру
2.Педагог этикасының қағидаларымен таныстыру
Сынып жетекші сағатын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ерубаева Р.Б.,Рахимбеков Ш.Р. ұйымдастырды. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша аға тәлімгер Алтынбек А.Д. оқушылардың бос уақыттарын тиімді өткізуде ұйымдастырылған күзгі демалыс кезінде жүргізілетін іс-шаралармен таныстырып, қай сыныптың оқушылары қандай іс-шараға қатысатындары туралы таныстырып өтті.
2-ші мәселе бойынша директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Рахимбеков Ш.Р сөз алып Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес білім беру ұйымдарында құрылатын және педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелерін қарайтын алқалы орган болып табылады.
Білім беру ұйымдарының педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесіне педагогтердің педагогикалық әдепті сақтауы мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар жүгіне алады. Кеңес өз қызметін "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, осы Қағидаларға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және объективтілік пен әділдік, әдептілік қағидаттарын басшылыққа ала отырып жүргізілетін жұмыс түрлерімен де таныстырып өтті.