01.11.2021 ж күні 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында күзгі демалысты кітапхана іс-шарасымен бастап кетті. Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылды. Осы атаулы мерекеге орай ,мектебіміздің кіт

Дата: 2021-11-01 11:59:46

01.11.2021 ж күні 6-8 сынып оқушыларының қатысуымен  С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясында күзгі демалысты кітапхана іс-шарасымен бастап кетті. Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерей тойына орай ұйымдастырылды. Осы атаулы мерекеге орай ,мектебіміздің кітапханасында «Өнер-білім бар жұрттар..»  атты, 8 сынаптар аралығында кітапханалық квест өтті. Ойын түрінде өткізілген,ақпаратқа толы бұл сағатқа оқушылар бар белсенділіктерімен қатысты.

Әр халықтың болашаққа бет алған тарихы даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт - бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалар болатыны айқын.

Ы. Алтынсарин - алғашқы халық мұғалімі, қазақ даласында алғаш   рет халықтық мектеп ұйымдастырушы педагогы, балаларға арнап
өте құнды өлеңдер мен әңгімелер жазған жазушы.

Автор: №7 МГ