Размер шрифта:

«Кітап - көзі жұмыққа арзан, Көзі ашыққа маржан.»

Дата: 2021-10-19 13:37:30
«Кітап - көзі жұмыққа арзан,
Көзі ашыққа маржан.»
 
       Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. "Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да тыйылар едік", - деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсерді өмір қажетіне жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. 
              Мектеп ішілік «Дәстүрлі оқу» атты 20 минуттық  оқу, күнделікті өз дәрежесінде өтіп жатыр. Әр сынып оқушылары жас ерекшеліктеріне қарай, алдың  - ала дайындалған жоспар бойынша әрекет етуде.
  5 - сынып
1. Жиренше шешен (Жиренше шешен жайлы аңыздар)
2. Жанқұтты шешен
3. Қамбар батыр
4. А.Құнанбаев шығармалары
5. Аталар сөзі ( Халық даналығы, мақал мәтелдер)
 
6 – сынып
1. М.Жұмабаев өлеңдері
2. М.Мағауин «Бір атаның балалары»
3. Қ.Әбдіқадыров «Қажымұқан»
4. А.Құнанбаев «Қара сөздер»  (1-10 аралығында)
5. Тарихи шығармалар    (оқушылар қабілетіне қарай)
 
7 – сынып 
1. Ақтамберді жырау
2. Марк Твен «Гекльберри Финнің басынан кешкендері» ( Әлем балалар әдебиеті)
3. М.Әуезов шығармалары 
4. Томирис
5. С.Сейфуллин «Аққудан айырылу»
 
8 – сынып 
1. М.Әуезов «Абай жолы» (1,2)
2. І.Есенберлин «Қаһар»
3. Халық ауыз әдебиеті
4. Ж.Айтауытов  шығармалары
5. Жюль Верн « Он бес жасар капитан»
       Оқушылар кітап оқу арқылы  тарихи әрі рухани жаңғыруда .
Автор: №7 МГ