13 қазан күні жоспарға сәйкес Мектеп Парламентінің ІІІ отырысы өткізілді.

Дата: 2021-10-18 09:32:21

13 қазан күні  жоспарға сәйкес Мектеп Парламентінің ІІІ отырысы өткізілді. Күн тәртібіне сәйкес отырыста қыркүйек айында өткізілген шаралар жұмысы қорытындыланып, қазан айында өткізілетін іс-шаралар жоспары талқыланды. Мектеп Президенті Касимов Батырхан фракция жетекшілеріне қазан айында өтетін шараларды тапсырып, алда Блиц турнирлер, дебат ойындары, эссе, сурет байқаулары өткізетіні жайлы мәлімдеді. Жоспарға сай алда тағы отырыс өткізіліп Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, 30 бейнеролик түсіру жүзеге асырылмақ.

Автор: №7 МГ