«Кітап күту, ұстау ережелері»

Дата: 2021-10-07 15:25:06
2021-2022 оқу жылының 6-7 қазан күндері «Мектеп оқулығына қамқорлық жасаңыз!» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты оқушыларға оқулықты ұқыпты, таза ұстауға шақыру. Оқулықтың маңыздылығын түсіндіру. 
Мектебіміздің аға тәлімгері және кітапхана меңгерушісінің жетекшілігімен «Мектеп парламенті» депутаттары мектеп оқулықтарының жағдайын тексеріп шықты. Тексеріс барысында оқушыларға ескертулер айтылып, түсіндірмен жұмыстары жүргізілді. Әр сыныпқа «Кітап күту, ұстау ережелері»  кеңес парақтары таратылды.
Автор: №7 МГ